Алаяқтардан келген шығын – 114 млн

Бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында облыс прокурорының орынбасары Бауыржан Бекбосынов, облыстық ПД бастығының орынбасары Бауыржан Әбенов интернеттегі алаяқтықтың алдын алу және олармен күресу шаралары туралыбаяндап берді.
2019 жылдан бастап алаяқтардың саны елімізде бірнеше есеге өсті. Өткенжылыалаяқтықаймақбойыншабарлыққылмыстардыңтөрттенбірінқұрады. Осы жылдыңқаңтарайындабұлкөрсеткіш 26%-тең. Біздіңоблыста 1 755 өтініштіркелді, оларбойыншакелтірілгеншығын 460 млнтеңгеніқұрайды.
«Алаяқтық құрылымында интернет-алаяқтық басым. Олардың үлесі өткен жылы 72% құрады. 2022 жылы аумақтық бөлімшелердің өндірісінде 1284 интернет-алаяқтық тіркелді. Оның ішінде 160 қылмыстықіс жүргізілді. 120 іссотқажіберілді, 40 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Жалпышығын 114 млн теңгеден асты. Сотқа жіберілген істердің ішінен бірқатар күдікті қамаудың нақтыжәнешарттымерзімдерінесотталды», – дейді Бауыржан Әбенов.
Бүгінгі күні Қостанай облысының аумағында ақпараттық технологиялар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Стоп-Алаяқ» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтық жасау әдістері мен түрлері, сондай-ақ мүлікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау шаралары мен тәсілдері туралы халыққа түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жарияланады.
Instagram, Facebook, Tik-Tok, Telegram әлеуметтік желілерінде таратылатын интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша 40-тан астам бейнероликтер шықты.Алайда, полиция қызметкерлерінің алдын-алу шараларына қарамастан, азаматтар әлі де алаяқтардың арбауына түсуде.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында интернет-алаяқтықтың 94 фактісі тіркелді. Азаматтарға келтірілген залал – 72 млн теңге.
Әлеуметтік желіде өзің туралы толық ақпарат таратпауға және интернет дүкендерден сауда жасаған кезде құқық қорғаушылар сақ болуды ескертеді. Өйткені, тұрғындардың сеніміне кіріп, мүлкін, банктегі есепшотынан қомақты қаржыларынан айырып қап жатқандар жеткілікті. Әсіресе, 40 жас пен 60 жас аралығындағылар алаяқтардың құрбанына айналуда. Қазір өңірде интернет алаяқтардың алдын алу үшін профилактикалық шаралар жүргізілуде.
Банк не полиция қызметкері атынан қоңырау соққан таныс емес адамдарға жеке мәліметтеріңізді бермеңіздер, мәнжайды білмей, қуаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыздар.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓