«Ашық есік күні» өтеді
2016 жылдың 10 маусымында сағат 16.00-17.00 аралығында облыстық прокуратурада «Ашық есік күні» акциясы өтеді. Акция барысында құқық қорғау органы басшылығы әлеуметтік-экономикалық салада, атқару өндірісі, сот актілерінің заңдылығы мәселелері және қылмыстық процесс сатысында анықтау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын жүргізеді.
Қабылдауға жазылу үшін Қостанай қаласы Алтынсарин көшесі, 118 «А» мекенжайы бойынша облыс прокуратурасына (ішкі телефон 112) немесе 54-94-94 телефон нөмірі арқылы хабарласу қажет.
Алдын ала жазылу 2016 жылдың 1-9 маусымы аралығында жүргізіледі.