«Wipon»: акцияға қатысыңыз (БЕЙНЕ)
Қостанай облысының өңірлік коммуникация қызметі алаңында Мемлекеттік кірістер комитеті БКМ фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы 2020 жылғы 12 мамырдан қайта басталғанын мәлімдеуге арналған брифингі өткізілді.
«Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.
App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады. 2019 жылы азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында 87 дерек расталды, оларға 87 мың теңге сомасында сыйақы төленді.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.
Жіберілген чек үшін ұялы телефон балансын толтыруға болады
«Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциямен бірге ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы іске қосты. Оның мақсаты – азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру.
Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар (жұмыстар және қызметтер) үшін чекті мобильді қосымша (Wipon тегін қосымшасы) арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.
Акция 2020 жылдың 13 мамырынан басталып, жылдың соңына дейін жалғасады.
Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті