COVID-19 кеншілер қаласында тіркелді

Рудныйда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 фактісі анықталды  деп хабарлайды Қостанай облысының өңірлік жедел штабы.
«ЖРВИ мен пневмонияға скринингтік тексеруді жүргізген кезде коронавирустық инфекция диагнозы 1943 жылғы зейнеткер әйел мен 1987 жылғы ер кісіде нақтыланды. Аталған тұлғалар Рудный қалалық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда олармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. Тиісті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде», – делінген хабарламада. 
15 мамырдағы жағдай бойынша Қостанай облысында COVID-19 инфекциясымен 74 адам тіркеліп отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓