НЕГЕ?

       Рудный қаласындағы білім күні жан түршігерлік оқиғамен басталды. 9-сынып оқушысы Константин Сидякин қараусыз қалған көпқабатты үйдің шатырынан секірген.  Костя небары он бес жаста еді. Ол ата-анасы ажырасқан соң ата-әжесінің қолында қалыпты. Мектеп психологі мен достарының айтуынша, ол сабырлы әрі қабілетті бала болған. Қайғылы оқиғадан бұрын Костяның "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында суицид жайлы жазбаларды көбірек жариялағанын көруге болады. Мәселен ол өзінің "өмір сүру уақытын" кері қарай санай бастаған. Өзіне қол жұмсау әрекетін ашықтан-ашық жазған Костяға не себеп болуы мүмкін? Тіпті, жасөспірімнің тамырына балта шапқан сәті де сол "өмір сүру  уақытының" аяқталуымен сәйкес келіп тұр. "0-ші" күні шатырдан секірер алдында ол соңғы суретін жариялап, «дәл осы жерден секіремін» деп жазып кеткен.

BXQsyqn2G3Q

     Соңғы кездері елімізде жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының көбейіп бара жатқаны жағаны ұстатады. Жоғарыда айтқан әлеуметтік желілердің өзінде "өмір сүру уақытын" санау жиілеп кеткен. Жеке парақшаларына өздері жоспарлап қойған ғұмырын үзетін сәтке қанша қалғандығын ашық жариялап отырады. Бұл сөзсіз психологиялық ауытқу екені рас. Сондай-ақ, суицидке мәжбүр ететін суреттер мен бейнежазбаларды да бақылауға болады.

nWrqhnVVRfA

  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне жүгінсек, Қазақстан әлем бойынша суицид жөнінен алдыңғы орындардың бірінде. Мамандар жыл сайын елде 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6-8 өзіне қол салу фактісі тіркелетіндігін айтады.

vKRYxCGW_po

Zk29KUuEo84

 
 
Қасқырбай Қойшыманов
Суреттер әлеуметтік желілерден алынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓