Облыс прокуроры кәсіпкерлермен кездесті
Үстіміздегі жылы 2 қыркүйек күні ҚР Бас прокуратурасы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында әріптестік байланыс туралы келісімге қол қойылған болатын. Онда бірлесіп жұмыс атқарудың нормативтік-құқықтық тетіктері түгел қамтылып отыр. Басты мақсат Сол себепті, прокуратура органы бизнестегі қордаланған мәселелерді жүйелі түрде шешіп, кәсіп субъектілерін қорғауға күш жұмсай бермек. Бұл туралы аймақтық прокуратурада өңірдің белді кәсіпкерлерімен өткен кездесу барысында облыс прокуроры Тимур Сүлейменов баяндады.
Біздің өңірімізде прокуратура органы мен кәсіпкерлер палатасы 2013 жылы желтоқсанда меморандумға отырған болатын. Осындай әріптестіктің арқасында кәсіп иелерінен бизнестегі түйткілдер қамтылған жүзден астам арыз-шағым келіп түссе, олардың тең жарымынан көбі заңды түрде қорғалған. Бұл жөнінде облыстық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Мұрат Әбенов мәлімдеді:
– Арыз-шағымдардың 30% астамы салық төлеуге қатысты. Сондай-ақ, жерді пайдалану заңнамасында да бірқатар шешілмей тұрған түйткілдер бар. Соның ішінде жер телімдерін алу жағынан кедергілер аз емес. Сол себепті, біздің басшылық тарапынан жердің бас жобасы, бос телімдер мен олардың аукцион арқылы сатылымға шығарылуын онлайн жүйесінде қолжетімді ету ұсынысы жолданды.
Облыс прокуроры алдағы уақытта өңірде жаңа консультативтік кеңес құрылатынын айтты. Оны жетілдіру мақсатында құрамына бизнес өкілдерімен қатар, білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласының мамандары тартылады. Керісінше, мәслихат депутаттары, жергілікті билік өкілдері кеңес мүшелігіне кірмейтін болады деді.
Қыдырбек Қиысханұлы