Жоғалған қыздар табылды
Қостанайда із-түссіз жоғалып кеткен колледж студенттері Назгүл Сәдуақасова мен Вероника Семегина табылды. Бұл ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінде растады. Қостанайдың полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, 24 және 26 қарашада жоғалған екі студент қыз тапты.
Қазіргі уақытта оларды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Тәртіп сақшылары осы уақыт ішінде бойжеткендер немен айналысқанын анықтауда. Еске салсақ, 18 жастағы студент қыздардың жоғалып кеткені жайлы 2 желтоқсанда хабарлаған болатын. Қостанай облысы ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашаринаның айтуынша, туысқандарының өтінішімен қыздарға іздеу жарияланды. Бұл екі қыздың жоғалуында қандай да бір байланыс бары сөзсіз, деп санайды құқық қорғау органының қызметкерлері. Өйткені, екеуі жақын құрбы. Алайда, үйлерінен әр уақытта шыққан. Назгүл Сәдуақасова 24 қарашада, Вероника Семегина үш күн кейін шыққан. Бойжеткендер аман-сау, оларды Астанада көрген. Бұл туралы туыстарына елорда тұрғындары хабарлады. Олар ақпараттық іздеу парақшасында көрсетілген телефонға қоңырау шалған.
Қазақпарат