Жәрдемақы өседі
Елімізде бала саны жетеуден асатын отбасының жәрдемақысы да артатын болды. Ел Президенті әр балаға төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы төлеу туралы заңға қол қойды.Жылдың басында Қазақстанда көп балалы аналарға арналған жәрдемақы енгізілген еді. Онда бала санына қарамастан әрқайсысына әрқалай тағайындалған. Бірақ олар шектеулі-тұғын. Жеті және одан да көп балалары бар отбасылар үшін тағайындалған жәрдемақы сомасында айырмашылық болған жоқ. Енді заңға қайтадан өзгерістер енгізілді.
-Депутаттар әлеуметтік әділеттілік аясында сегіз баласы бар, тоғыз, он баласы бар адамдар неге әлеуметтік төлемнің сараланған мөлшерін ала алмайды деген мәселені көтерді. Сондықтан, заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Мемлекет басшысы заңға қол қойды, – дейді облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков.
Осыған сәйкес енді әрбір балаға төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы тағайындалады. Бұл ақшаға шаққанда 11 мың теңгеден сәл артық. Осылайша, он баласы бар отбасы ай сайын 111 мың теңге алатын болады.
Облыста көп балалы аналардың жалпы саны 5641 болса, олардың ішінде жеті және одан да көп баласы бар 96 ана бар. Оларға жыл басынан бері республика қазынасынан 1 миллиард 19 миллион теңге жұмсалды. Жаңа заңға сәйкес бұл сома енді өсуі мүмкін. Сонымен қатар жақында елімізде бала күтімі үшін жәрдемақы төленуі мүмкін.
"Қазір үш жасқа дейінгі баласы бар аналарға жәрдемақы төлеу мәселесі министрлікте талқыланып жатыр. Менің ойымша, жыл соңына дейін бұл мәселе оң шешімін табуға тиіс", – деді департамент басшысы. Әзірге мұндай жәрдемақы 1 жасқа дейінгі балаларға есептелген.

Әлібек ЫБЫРАЙ