Жарайсың, Дычко!

Жерлесіміз Иван Дычко бокстан Тайландта өткен Азия біріншілігінде топ жарды. 91 келі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Иван ақтық бәсекеде қытайлық Янг Жибаомен күш сынасқан болатын. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шебері айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, алтын медаль тағынды.  Айта кетейік, қостанайлық Иван Дычко осымен Азияның екі дүркін жеңімпазы атанып отыр.  20130703_10_24_01408
 

Жалпы есеп бойынша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес алтын, бір күміс және бір қола медальға ие болды.

 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓