Карантин режимі жеңілдейді

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Жиын барысында өңірде 18 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіледі. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.5d67b22a-43b6-4850-a528-5d2d87503edd
Облыс әкімі атап өткендей, бүгінгі таңда инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылдануда.
Қостанай облысында ағымдағы жылғы 15 мамырда сағат 10.00-дегі жағдай бойынша COVID-19 жұқтырған 72 адам тіркелді, 36 адам сауығып шықты, 1 адам қайтыс болды.
Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің ұсыныстарын, сондай-ақ қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Жедел штаб ағымдағы жылдың 18 мамырынан бастап, Жітіқара қаласыны қоспағанда, келесі салаларда қызметке рұқсатты қайта бастау туралы шешім қабылдады, (Жітіқара қаласында карантиндік іс-шараларды жеңілдету өңірдегі жағдайға байланысты ағымдағы жылдың 25 мамырынан жоспарланған)
1. Бірге серуендеу кезінде маска киіп, (2 және одан да көп адам) тұрғылықты жерінен еркін шығуға;
2. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерінің саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, ойын-сауық нысандары жоқ жағалауларға баруына;
3. Азық-түліктік және азық-түлік сатпайтын базарлардың, сондай-ақ ауданы 2 мың ш.м. дейінгі азық-түліктік емес дүкендер мен сауда орталықтарының жұмыс режимін уақытша шектеумен қызметі 10:00-ден 17:00-ге дейін;
4. Медициналық маска киген келушілерді қабылдауды  қамтамасыз ету талабымен сұлулық салондарының жұмысына (алдын ала жазылу бойынша);
5. Халыққа қызмет көрсету объектілерінің жұмысы: баспаханалық қызмет көрсететін объектілерге, тігін ательелеріне, аяқ киім шеберханаларына, аяқ киім, киім жөндеу сервистеріне;
6. Моншалардың, сауналардың (бір ауысымда 20 жуу орнына дейін) бассейндерді пайдаланбай жұмыс істеуіне;
7. Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың жұмысына;
8. «Клиенттерге жеткізу және сыртқа шығару» қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне;
9. Ашық ауада спорттық жаттығуларға;
10. Облыс Денсаулық сақтау басқармасының шешімі бойынша науқастарды кезең-кезеңімен жоспарлы емдеуге жатқызуға;
11. Сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін шектеулі уақыт бойынша қалалық қоғамдық көліктің, сондай-ақ сағат 7.00-ден 21.00-ге дейін шектеулі уақыт бойынша бау-бақша қоғамдарына дейінгі қоғамдық көліктің жұмысын қайта жандандыруға және отырғызу орындарының саны ғана бойынша жолаушыларды алуға рұқсат етіледі;
12. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің қызметіне рұқсат етіледі, бұл реттет қызметкерлердің 50%-де қашықтықтан жұмыс істеу режимі сақталады (штат саны 30 қызметкерден аспайтын).
«Облыстың санитарлық дәрігеріне жоғарыда көрсетілген нысандардың жұмысына рұқсат беру туралы тиісті қаулы қабылдауды тапсырамын», – деді Архимед Мұхамбетов.
Сонымен қатар, облыс аумағында қолайлы эпидемиологиялық жағдай болған жағдайда осы жылдың 25 мамырынан бастап облыс аумағында:
1. Сауда орталықтарының, азық-түліктік емес дүкендердің (алаңы 2000 ш.м. астам);
2. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының (даму, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т. б.);
3. 7.00-ден 21.00-ге дейін үстелдерді бір-біріне 2 метрден жақындатпай орналастыра отырып, жазғы террасалары бар қоғамдық тамақтандыру объектілеріне, қалғандары «клиенттерге жеткізу және сыртқа шығару» қағидаты бойынша (қарауына қарай – отыратын орындары 30-ға дейін сыйымдылығы бар мейрамханаларды, дәмханаларды ашу ұсынылады);
4. Массаж салондарына;
5. Кітапханаларға,
6. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне;
7. Спорт объектілеріне (30 адамға дейінгі топтар үшін оқу-жаттығу процесін өткізу);
8. Мәдениет объектілерінің жұмысына (жеке және топтық дайындық 30 адамға дейін) қызметіне рұқсат беру жоспарланып отыр.
Қызметі уақытша тоқтатылған күйінде қалатын нысандар:                                                       
1. Вокзалдар, автостанциялар;
2. Елді мекендер арасында жүріп-тұру;
3.Сауда-ойын-сауық орталықтары (оларда орналасқан тамақ өнімдерін өткізетін қоғамдық тамақтануды және сауда объектілерін, дәріханаларды қоспағанда);
4. Көрмелер, кинотеатрлар, көрермендерге арналған театрлар, балалар орталықтары мен ойын алаңдарының барлық түрлері (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтар, фитнес, букмекерлік кеңселер;
5. Компьютерлік және ойын клубтары, кальян, бильярд, боулинг орталықтары, караоке;
6. Санаторийлер, профилакторийлер және демалыс базалары, қонақ үйлер;
7. Аквапарктер, бассейндер, спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар), жаттығу залдары (орталықтар), тату-салондар;
8. Діни нысандар.
Аталған ұйымдардың қызметке рұқсат беру мәселесі осы жылдың 1 маусымына дейін жедел штаб отырысында қаралатын болады.e4af8e2e-2227-4702-b89a-e9666c50414f
Сонымен қатар, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады.
Мұның сыртында облыс әкімі қалалар мен аудандардың әкімдеріне Атырау облысынан келген «Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлерін КВИ талдауынан сүрінбей өткеннен соң және карантиндік стационарлардан шығарғаннан кейін тұрғылықты жерлеріне дейін жеткізуді, үй карантинін сақтау жағдайларын бақылауға алуды тапсырды.ca733f7a-b913-42b6-a8f5-39ffd93511d6
443b3ba4-78a5-4cce-bbd7-249d473f6037Жиын соңында Архимед Мұхамбетов санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылық мәселелері тұрақты бақылауда екенін және енгізілген жеңілдіктерге қарамастан, барлық уәкілетті органдар тарапынан облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жағдайды күшейтілген бақылауда ұсталуы керегін атап өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓