Егіс науқаны басталды

Облыс диқандары  көктемгі егіс жұмыстарына кірісті. Биыл  өңірде 5,2 млн га жерге егін себіледі. Қазірдің өзінде шаруалар 200 мыңнан астам гектар алқапқа дән сіңіріп үлгерді. Олардың басым бөлігі – дәнді дақылдар, картоп, көкөніс және майлы дақылдар. егісРесми мәліметтер бойынша, 130 мың гектардан – дәнді дақылдар, тағы 12 мың — бір жылдық шөптер, 1,5 мың га — картоп пен көкөніс тұқымы себілген.  Дегенмен, күн райына байланысты кей шаруа алқапқа  шыға қойған жоқ. Синоптиктердің мәліметтері бойынша, ылғалдың мөлшері мамыр айында орташа есеппен 10 мм-ге жетуі мүмкін. Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, биылғы жаздың ауа райы 2004 жылғы ұқсас кезеңмен сәйкес келеді. Көктемгі егіс науқанына облыстың барлық аудандарында техника кірісіп кетті. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіс науқанын 15 мамырдан кейін бастауды ұйғарып  отыр.  Көктемгі дала жұмыстары  маусым айының басына дейін жалғаспақ. 
"Ауа райы, жоғары температураны, жауын-шашынның жетіспеуін ескере отырып, ылғалды сақтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Топырақты егу алдында өңдеу, химиялық әдіспен арамшөптермен күрес – тауар өндірушілердің ең маңызды жұмысы", – дейді облыстық  Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бөлімінің басшысы Есімжан Баймақанов.
Жанар-жағар май материалдарына келсек, биыл  облысқа  көктем мен күзге 71 мың тонна дизель отыны бөлінген. Шенеуніктердің айтуынша, сұйық отыды жеткізу кесте бойынша жүріп жатыр. Жеңілдетілген отын литріне 165 теңгеден сатып алынады.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓