СОVID-19: тағы төртеу
2020 жылғы 14 мамырдағы мәлімет бойынша Қостанай облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 4 дерегі анықталды. Жітіқара қаласында және Денисов ауданында СОVID-19 1968, 1971 және 1993 жылғы әйелдерде нақтыланды. Бұл кісілер алдында ауырып қалған адамдармен жақын қарым-қатынаста болған.
"Сонымен қатар коронавирустық инфекция 38 жастағы ер кісіде анықталды. Бұл азамат Ресей Федерациясынан оралды, кейін Қарабалық аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне жатқызылды. ПТР зерттеудің нәтижелері бойынша СОVID-19 расталды. Қазіргі таңда науқастар тиісті ем алып жатыр. Эпидемиологиялық тексеру жалғасады", – делінген облыстық ақпараттың штабтың хабарламасында.
Жалпы аймақта СОVID-19 инфекциясын 72 адам жұқтырған.