Жаңа бағдарлама жыл соңында іске қосылады

Қазақстанда "5-10-20" жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Үкімет бұл мақсатқа жобасына "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 390 миллиард теңге бөлуді мақұлдады. 5 пайыз мөлшерлеме арқылы берілетін несиені тек әкімдіктің үй кезегінде тұрған баспанаға мұқтаж адамдар ғана алады. "5-10-20" арқылы несие құрылысы енді аяқталып, пайдалануға берілген жаңа үйлерді алуға беріледі. photo_320126Халықтың төлем қабілеті сұранысын қолдау үшін Ұлттық банктің қалған 210 миллиард теңге бөлу (барлығы 390 миллиард теңге), бағдарламаға қажетті нақтылау енгізу, сондай-ақ потенциалды сатып алушылармен іріктеу рәсімдері бойынша мәселелер пысықталып жатыр.
"Бұл қаржыға әкімдіктерде кезекте тұрған адамдар 10 пайыз алғашқы жарнасын салып, 5 пайыздық мөлшерлемемен құрылысы енді аяқталып, пайдалануға берілген үйді ала алады. Яғни, бұл жоба бойынша бұрын пайдалануға берілген (вторичное жилье) үйден сатып ала алмайды. Несиені "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі береді". Оның максималды сомасы өңірлерде 12 млн теңгеден аспауы тиіс.  Жыл соңына дейін осының негізінде "Отбасы банкін" қолдау және дамыту институты құрылады. Бұл институттық құрылымды жаңғырту аясында іске асырылады", – деп жазды ИИДМ баспасөз қызметі.
Жоба аясында елімізде 18 мыңнан астам отбасы баспаналы болмақ. Биыл  облыста жыл соңына дейін 29 үй салынады. Бұл ретте олардың бір бөлігі "5-10-20"жаңа бағдарламасына сәйкес келеді. 
"Бүгінгі таңда Қостанай облысында іске асыруды жоспарлап отырған баға – шаршы метр үшін 140 – 160 мың теңге аралығында. Яғни, кредиттің өзі, қарыз сомасы коммерциялық нарықта алғашқы тұрғын үй сатып алумен салыстырғанда шағын болады", – деді "Тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі"Қостанай филиалының директоры Дәурен Саудабаев. 
Тұрғын үйдің бастапқы нарығымен салыстыру  бағдарламаның басты ерекшелігін көрсетеді. Бұл "Нұрлы жер" бағдарламасының заңды жалғасы  іспетті. Қостанайда үйлердің басым бөлігі Қонай, Әуежай, Юбилейный шағын аудандарында бой көтереді. Жалпы алғанда Қостанай облысында биыл 1,5 мың пәтер пайда болмақ. Президенттің тапсырмасына сәйкес, олар жаңа бағдарлама бойынша кезекте тұрғандарға беріледі.  Тұрғын үй құрылысына бөлінетін 390 миллиард теңге қаражат 15 миллион шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓