5 қабаттан құлап кетті

Қостанайда 5-қабаттан құлап кеткен 24 жастағы қыз қалалық ауруханада көз жұмды.6d26e9a9b66017eaab584431ffa11953_XL
Оқиға бүгін таң кезінде Строительный көшесінде болған. Ол ауруханаға аса ауыр жарақаттармен жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірі үшін барынша күрескенімен, құтқарып қала алмады. 
"Өкінішке қарай, науқас көз жұмды. Реанимациялық шаралар 1 сағаттан астам уақытқа жалғасқанымен, еш нәтиже бермеді. Сынған жерлері көп, ішкі ағзалары үзіліп кеткен. Жарақаттар қыздың өмірін өлімнен арашалауға мүмкіндік бермеді", – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓