Ақындар додасы – телеарнада

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Біздің айтыс» тележобасының екінші кезеңінің түсірілімі аяқталды. Түсірілім Жастар сарайында өтті. WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.43.25 Айтыстың алғашқы кезеңіне 24 ақын қатысқан болатын. Содан іріктеліп шыққан 12 жүйрік екінші айналымда бақ сынасты. Әр жұпқа жеребе тастау арқылы елімізде биыл өтетін айтулы мерейтойлар мен маңызды шараларға қатысты тақырыптар берілді.  WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.43.24– «Біздің айтыс» жобасының  облыстың  рухани өміріндегі маңызы зор.  Бұл тележоба өңір ақындарын шыңдайтын үлкен мектеп. Ақын үшін әрбір айтыс тәжірибе ғой. Сондықтан «Біздің айтыс» бұдан әрі жалғасын табу керек сияқты. Осы айтыс бұрын көзге көп көріне қоймаған жастар үшін де, шабыты бойына сыймай сахна іздеп жүрген сақа айтыскер ақындар үшін де үлкен мүмкіндік туғызып отыр, – дейді айтыстың ақтаңгері, қазылар алқасының төрағасы Айбек Қалиев. WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.43.23«Біздің айтыс» жобасының екінші кезеңін көрермендер «Қостанай» облыстық телеарнасы эфирінен таяу уақытта тамашалай алады.WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.43.24 (1)
Нұрқанат Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓