Қауіпке қарамай, басын бәйгеге тіккен
Бұқаралық ақпарат құралдарында қостанайлық таксишіден коронавирус анықталып, елорда ауруханасына жатқызылғаны туралы ақпарат таратылуда. Қостанай облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті осы жайттың анық-қанығына қатысты ресми ақпарат жолдап отыр.
«25 наурыз күні түнгі 23 сағат шамасында жолаушыларды жеке тасымалдаумен айналысатын ер адамға InDriver қосымшасы бойынша Ақтөбеден келген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны астанаға апаруды сұрап тапсырыс береді. Ер адам тапсырысты қабылдады. Нұр-Сұлтан аласындағы блок-постқа жетпей, ол жолаушыларды түсіріп, Қостанай қаласына қарай кері қайтады. Медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жолаушы азаматтардың жеке басын тексере келе, олардың Мальдивтен ұшып келгенін анықтады. Олар стационарға жеткізілді, сол жерде COVID-19 ауруына сараптама жасалды» – делінген хабарламада.
Ал таксиші Қостанайға оралып келе жатқанда көлігі бұзылып, жолда түнеуге тура келеді. Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері аталған көлік жүргізушісі туралы ақпаратты алып үлгенген. Таксіші дереу қалаға жеткізіліп, облыс орталығындағы аурухананың жұқпалы бөліміне жатқызылыпты. Одан коронавирус белгісі анықталған жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық.
Қостанай облысының ТКҚСҚБД азаматтарға арандатушылыққа жол бермеуге, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.
Департамент өкілдері Қостанай облысында коронавирустық инфекция жұқтырған адам ЖОҚ екенін атап өтті.