Күзетші мен “қыздың” қақтығысы: полиция пікірі
Әлеуметтік желілерде «Арыстан» күзет агенттігі қызметкерінің қызды шашынан сүйреп, көлікке мінгізіп жатқан видеосы тарады. Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 13 мамыр күні сағат 17:00 шамасында болған. Іс деректеріне сүйенсек, жедел күзетті Абай-Быковский даңғылында орналасқан жанармай құю станциясының операторлары шақырған. Оқиға орнына «Арыстан» жедел әрекет ету тобы келді.
"Күзетшілер қыздың жанармай құю бекеті әйнектеріне тас лақтырып, асфальт төсеуші жұмысшыларды ұрғанын көреді. Оны ұстау кезінде күзетшілердің өздері де дене жарақатын алған. Күзет қызметкерлері күдіктіні полицияның «Оңтүстік» бөліміне жеткізді. Тексеру барысында оның 1988 жылы туған ер адам екені анықталды. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан келген, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадағы күзетшінің іс-әрекетіне байланысты ҚР ҚК 252-бабы, 1-бөлімі («Жеке күзет қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ал күдіктінің әрекетіне алғашқы материал жиналғаннан кейін бір тәулікте баға беріледі.
Өзінің парақшасында, ол жігіт-қыз басқаша ақпарат берген. Күзеттің жүргізушісі де "сау сиырдың боғы" емес сияқты, комментарийлерге сүйенсек. Анығын Аллақ біледі.