“Мас жүргізуші – қылмыскер!”

“Мас жүргізуші – қылмыскер!” атауымен облыста тамыз айының 10-ы мен 12-сі аралығында өткен жедел алдын алу шарасы аясында алпысқа жуық мас жүргізуші ұсталған. Сондай-ақ, үш күн ішінде өңір полицейлері түрлі жол ережелерін бұзған 790 жағдайды анықтаған. Ал, мас күйінде ұсталған 58 жүргізушінің алтауы жүргізуші куәлігінен айырылғандар, ал екеуі медициналық тексерістен өтпеген болып шықты. Сонымен қатар, шара барысында жылдамдықты асырған 101, қауіпсіздік белдігін тақпаған 146, көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен 91 жүргізуші мен 72 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылған.
-Спирттік ішімдік ішіп алып көлік тізгініне отырған жүргізушінің өз өміріне ғана емес, басқалардың да өміріне қауіп төндіретіні айтпаса да белгілі. Осыны біле тұра, мас күйінде көлік айдайтындардың санының азаймай отырғандығы қынжылтады, – дейді облыстық ІІД-нің бөлімше бастығы А.Бекмағамбетова.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓