МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ
Апат айтып келмейтіні рас. Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы отандастарымыздың табиғи апат салдарынан қазірде қиын жағдайға душар болғаны баршаға мәлім. Осы ретте бүкіл ел жұдырықтай жұмылып, Мақтааралға көмек қолын созуда. Жапа шеккен мақтааралдықтарға жәрдем көрсетуден Қостанай облысы да шет қалмады.
«Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы жергілікті «Salamat» және «Атамекен-Дос» ЖШС қолдауымен Түркістан облысының Мақтаарал ауданына 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Партия белсенділері мен волонтерлерінің күш жұмылдыруымен азық тиелген жүк көлігі бүгін жолға шықты.Түркістан облысына бағыт алған көмек көлігі үш күн көлемінде белгіленген жерге жетпек.