Түлектің сыйы

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жерлесіміз Альберт Рау өзінің түлеп ұшқан оқу орны – Рудный индустриялық институтына Wordometer «Бүгінгі әлем» интернет-сайтын сыйға тартты.1_oM7kItI
Wordometer – нақты уақыт режиміндегі әлемдік статистикалық мәліметтерді көрсетіп тұратын ақпарат құралы. Жердегі халық санының қозғалысы, қоршаған ортаны сипаттайтын негізгі көрсеткіштер, денсаулық сақтау және азық-түлікпен қамту саласындағы өзекті статистикалық мәліметтер студенттердің таным көкжиегін кеңейте түсетіні сөзсіз. Ақпарат баршаға қолжетімді: оны бас ғимараттың фойесіндегі монитордан көруге болады.ворлдметер
Айта кетейік, Альберт Рау бұған дейін де алма-матерге қолдан келген көмегін аяған емес. Студенттер мен оқытушыларға арналған дәстүрлі дәрістер, үздік студенттерге атаулы шәкіртақысын тағайындауы, кітапханаға оқу әдебиеттерін сыйға тартуы, студенттік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аэротүсірілім жасауға арналған дронды сатып алып беруі – меценат жасаған игі істердің бергі жағы ғана.97443244_832971510524715_114899600757751808_o
Қазіргі таңда Рудный индустриялық институты заман талабына сай, бәсекеге қабілетті білім беретін бірегей жоғары оқу орны. Оның өркендеп, одан әрі дамуына үлес қосып келе жатқан Альберт Раудың еңбегі өзгелергі үлгі болса дейміз.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

1 Response

  1. Жанар. Қ.Т айтты:

    Альберт Павлович балаларға, жастарға көп көмек көрсетіп жүрген азаматтардың бірі. Сөзбен емес ісімен халықтың алғысын алуда. Өте жақсы адам. Ұлық болсаң, кішік бол деген қазақтың сөзін мықты ұстанған азамат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓