Қостанайдағы көктайғақ қарияның өмірін жалмады
Қостанай қаласында 84 жастағы қарт тайғанап құлап, қайтыс болды. 1931 жылы дүниеге келген қария 9-шағын ауданындағы «Азия» дүкеніне азық-түлік алуға барады. Көктайғақ басқан қаладағы дүкеннін шығаберісінде аяғы тайып құлап, сол жерде жан тапсырған. Оқиға 24-қараша күні кешкі сағат 18:00-де болған.
ІІД-нің мәліметіне бойынша, қазір сотқа дейінгі тергеу және медециналық зерттеу жүргізілуде.