Қостанайдың үш көшесі уақытша жабылады
Бүгін сағат 16.00-де «Ұлттық банк» РММ Қостанай филиалының аумағы уақытша жабылады. Бұл үшін құқық қорғау органдары тұрғындарға азғана қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырады.
15 наурыз күні сағат 16.00-де «Ұлттық банк» РММ Қостанай филиалының аумағында полицияның, өртке қарсы қызметтің және жедел медициналық көмектің кешенді күштерінің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетін болады. Осыған байланысты Тәуелсіздік-Баймағамбетов, Пушкин-Баймағамбетов, Қозыбаев-Пушкин көшелерінің қиылысында автокөлік пен жаяу жүргіншілерге арналған қозғалыс уақытша жабылады.