22 адам құтқарылды

Ауа райының күрт бұзылып, өңірдегі қарлы-бұрқасынға байланысты қаңтардың 22-сі мен 23-не ауған түні аймақта 4 құтқару операциясы өтті. Құтқару жұмыстары Амангелді, Қостанай, Әулиекөл және Алтынсарин аудандарында жүргізілді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлайды.
IMG-20200122-WA0035
«Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары отрядының және аудандардың төтенше жағдайлар бөлімдерінің 18 қызметкері мен 6 техникасы жергілікті атқарушы органдар көмегімен қар құрсауында қалған 22 адамды құтқарды. 9 автотехника жолдардың қауіпсіз бөлігіне шығарылып, әрі қарай сапарларын жалғастыруға мүмкіндік алды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ», – делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.
IMG-20200122-WA0046
Өңір аумағында күрделі ауа-райына және қардың мол түсуіне байланысты  облыстық, аудандық маңызы бар жолдарды тазалау, сондай-ақ ауыл жолдары және оларды қардан аршып, кеңейту үшін жол техникасы қолданылып жатыр.
IMG-20200122-WA0036
«23 қаңтарда да облыс аумағында дабылды ескерту жарияланды, боран соғады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, түнде екпіні 30 м/с. Дауылды ескертулерге қарамастан, көлік құралдарының автокөлік иелері ауа райының нашарлауын үнемі назарға алмайды және елді мекендерден ұзақ қашықтыққа шығады. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: ауа райы қолайсыз автожолға шықпаңыздар. Өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз! Қажет болған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз» дейді ТЖД өкілдері.
 
Ш.ҚОҢҚАБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓