Акционерлерден гуманитарлық көмек

«Аллюр Компаниялар Тобының» акционерлері – «China National Machinery Import and Export Corporation» трансұлттық  компаниясы мен «Genertec» компаниясы Қостанай облысына инфекцияға қарсы қолдануға арналған жеке қорғаныш құралдары мен арнайы жабдықтар жеткізді. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі жазады.200413093500818eШалғайдан жеткен жүктің ішінде бір рет пайдалануға арналған 100 000 бетперде, 5 000 медициналық маска, 1 000 қорғаныш көзілдірік, 10 тепловизор, есікке қондырылатын 3 инфрақызыл термометр және 50 термодетектор бар. Гуманитарлық көмек облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілді.
"Бүгінгі таңда еліміздегі карантин тәртібі өзгеріссіз қалып отыр. Сондықтан індетке қарсы майданның алдыңғы шебінде жүрген медицина қызметкерлеріне көрсетілетін көмек шараларын жалғастыра беру аса маңызды. Игі шарадан компания акционерлері де тыс қалмай, біздің бастамамызды қолдап, коронавирусқа қарсы күреске үлес өз үлестерін қосып отыр. Елімізде жағдай тезірек тұрақталып, көп кешікпей барлық өндіріс орындары жұмысқа кірісетін күн келер деген үмітіміз бар", – деді Қостанай машина жасау зауытының басшысы Сырым Сейсембаев.    
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, акционерлер жіберген қорғаныш құралдары аймақтағы медицина мекемелеріне таратылады.
Сурет интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓