55 вахташы облысқа оралады  

14 мамырда Қостанай облысының тұрғындары, «Тенгизшевройл» кәсіпорынының вахталық әдіспен жұмыс істеген қызметкерлері Атырау облысынан Қостанай қаласына қайтып келеді. Келген бетте азаматтардың арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанғандардың бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру, термометрия, сауалнама жүргізілетін болады.755618178108487Содан соң олар уақытша оқшаулау орындарға, облыс орталығының карантин стационарларына жеткізіледі, ол жерде COVID-19 инфекциясының болу болмауына терең анализ алу әдісімен тексеру үшін олардан материал алынады. 
COVID-19 зерттеу нәтижелері теріс болған жағдайда, үй жағдайында карантинді қатаң түрде ұстау қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама қолға беріліп, 14 күндік инкубациялық кезеңі аяқталғанға дейін бұл қызметкерлер үй карантиніне жіберіледі. 
COVID-19 зерттеу нәтижелері оң болған жағдайда, аталған санаттағы адамдар ем қабылдау мекемесінің жұқпалы аурулар бөліміне емделуге жатқызылады. 
Атырау облысындағы COVID-19 ауруының өсімін ескерсек, аталған шараларды өткізу маңызды болып саналады. 
Құқық қорғау органдарының тарапынан карантиннің сақталуы қатаң бақылауға алынады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓