Ауыр көліктерге шектеу болмақ

Жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы, асфальт жабынының тез бұзылуына көбіне Қытайда өндірілген ауыр салмақты көліктердің бақылаусыз жүруі себеп болады. Осыған байланысты, облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы жол үстіндегі қозғалыс кезінде жүк көлігінің салмағын өлшейтін аппараттық-бағдарламалық кешенін орнату пилоттық жобасын ұсынып отыр. Бұл туралы басқарма басшысы Олжас Нұрғалиев аймақ әкімдігінде өткен алқа жиынында хабарлады.
Айтуынша, тиісті коммуникацияларды орнату мен қорытындылауды есепке алғанда, шамамен 200 млн теңгені құрайды. Мұндай жедел камера облыстық маңызы бар тас жол бойында қазылып жатқан карьерлердің бірінің маңында орнатылған дұрыс.
Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Таукенов мұндай пилоттық аппаратты алысқа бармай-ақ, ауданның Садчиков ауылы маңында орнатуды сұрап отыр. Сол маңда құм алатын карьер бар. Жолдан ауыр жүк көліктері өтіп, асфальттің бұзылуына себеп болуда. Облыс әкімі бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізді.
Қыдырбек Қиысхан
Суретті түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓