Карантиндегі талап

Қостанайда жедел-жәрдем қызметкерлері эпидемияға қарсы арнайы киімдермен жабдықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі жағдайда облыстық жедел жәрдем станциясы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, сондықтан олардың арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі карантиндегі талаптардың бірі болып табылады.
скорыйскорый2
-Көшпелі бригадалардың орташа тәуліктік саны – 49. Барлық бригадалар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Мұның бәрі карантиндегі талап екендігін айтқымыз келеді, сол себепті олардың киімдеріне қорқып-үрке қараудың жөні жоқ. Бұл жалпы әлемдік тәжірибе. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек кезінде шұғыл бөлімдер штаттық режимде жұмыс істейді. Тұрғындарға айтарымыз, егер дене қызуы көтеріліп,  мұрыннан су ағу, түшкіру, жөтел, іш өту сияқты белгілер болса, емханаға келмей, дереу өзіңіздің клиникаңызға қоңырау шалуды немесе жедел жәрдем шақыру керек екендігін ескертеміз. Карантин шарттарын сақтау, жеке гигиена ережелерін орындау – әрқайсымыздың қауіпсіздігіміз бен денсаулығымыздың кепілі, – дейді баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓