Белсенді жастармен кездесті

Рудный индустриялық институтында ректор, профессор Әбдірахман Найзабековтың белсенді студент жастармен дәстүрлі кездесуі өтті.
Студенттер – қоғамның ірі зияткерлік әлеуеті. Ел мұратына тиянақты білім, орнықты ғылым ар-қылы жетуді көздеген тәуелсіз Қазақстан қоғамның осы әлеуметтік тобына барынша жағдай жасап келеді. Мәселен, рудныйлық жоғары оқу орнында ректордың мұрындық болуымен үздік студенттерге оқу ақысына жеңілдік, арнайы гранттар мен шәкіртақылар тағайындалып отырады. Бұнымен қоса барлық студенттер тегін Wi-Fi сымсыз ғаламторы орнатылған жатақханамен қамтамасыз етілген. Ал институттағы сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының арқасында шәкірттер АҚШ, Ұлы-британия, Германия, Эстония, Латвия сияқты елдерде өз тәжірибелерін арттыруға мүмкіндік алып отыр. Осы және өзге де маңызды тақырыптарды алға тартқан Әбдірахман Батырбекұлы жем-қорлықпен күрес мәселесіне де егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Кездесудің екінші бөлімінде студенттер ректорға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Солардың қатарында магистратураға түсу, ағылшын тілі курстарын ашу, кітапхана қорын қазақ тіліндегі кітаптармен толықтыру, оқу жетістіктерін сырттай бағалау сияқты мәселелер бар. Әр сұраққа институт басшысы тарапынан толық әрі жан-жақты жауап қайтарылды.
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓