DAAD – студенттерге арналған мол мүмкіндік
Рудный индустриялық институтында студенттер Германияның академиялық алмасу қызметінің (DAAD) өкілі, РhD докторы Катарина Букпен кездесті.
Бас қосудың мақсаты – барлық неміс жоғары оқу орындарын біріктіретін және академиялық қарым-қатынастың шетелде дамуына ықпал ететін DAAD бағдарламаларына рудныйлық студенттерді қатыстыру болды. Бү-гінде Қазақстан мен Германия арасындағы мәдениет пен білім саласындағы өзара байланысты DAAD ұштастырып отыр. Оның Жазғы ЖОО курстары шәкіртақысы, Студенттік топтарға арналған таныстыру сапары, Неміс тілін тереңдетіп оқытатын мектеп бітіру-шілерге арналған бірнеше бағдарламасы бар. Сондай-ақ, магистратураға түсем деушілерге және жас ғалымдардың зерттеумен айналысуларына мол мүмкіндік беріледі. Теңдесі жоқ халықаралық ұйым бағыттарын бүге-шігесіне дейін таныстырған неміс ғалымы елімізге 90-жылдардың басында келген DAAD шәкіртақыларына осы уақытқа дейін 4000-ға жуық қазақстандық студент ие болғанын айтты.
Айта кетерлігі, DAAD 15 жылдан бері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің сенімді серіктесі, әрі "Болашақ" бағдарламасына қатысушыларға тегін консультациялық көмек көрсетумен де айналысады. Жиын соңында Германиялық қонақ институт студенттерін бағдарламаға белсене қатысуға шақырды және олардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Қуаныш
ЕСҚАБЫЛ