Жастар – тазалық жаршылары
Қостанай облысында ECO-challengeQostanai экологиялық акциясы өтіп жатыр. Кеше ауқымды шара Тобыл өзенін бойлап, Жітіқара, Қамысты, Денисов аудандарын қамтыса, бүгін кезек Лисаков пен Таран ауданына да келіп жетті.

Таңертең Әйеттің белсенді жастары қолдарына тырма мен полиэтилен пакеттерін алып, ауылға кіреберістегі көпірге қарай бағыт алды. Көктем келісімен Әйет өзенінің жағалауында бірнеше рет сенбіліктер өткізілгенімен, адам санының аздығы қоқыстан жүз пайыз құтылуға мүмкін бермеді. Енді, міне, араға апта салып игілікті іске 500-ге мектеп пен колледж оқушылары, жас мамандар мен еріктілер атсалысып отыр.


– Өзіміз өмір сүріп жатқан сүйікті ауылымызды өзіміз тазартпасақ, сырттан келіп ешкім жинап бермейді. Акцияның әрбір қатысушысы осыны жақсы біледі, түсінеді. Бір жағынан, таза ауада жұмыс жасау денсаулыққа та пайдалы, – дейді тазалық жаршыларының бірі Жания Шөптібай.


Қуаныш ЕСҚАБЫЛ