Көршілердің көмегі
…Апат аяқ астынан болады ғой. Жуырда аудан орталығы Аманкелді селосында тұратын Әскербек қажы Мурзиннің үйі кенеттен өртке оранды. Ақсақал-дың өзі үйінде жоқ еді. Бір шаруа-мен Қостанай қаласына кеткен. Зайыбы Нұрсұлу мен 8 жастағы қызы Әмина ғана үйде болатын. Үйдің жанып жатқанын көріп қал-ған Нұрсұлу не істерін білмей, қарадай шошып, есеңгіреп қала-ды. Өзіне өзі келе алмайды…
Осы кезде көршілері Асылбек Кенжеболатұлы, Ербол Аман-жолұлы және еңбек ардагері, зей-неткер Қуаныш Исмағұлов ақсақал Әскербек қажының үйінің өртеніп жатқанын көріп қалып, жалма-жан көмекке келеді. Олар не істерін білмей, есі танып отыр-ған Нұрсұлу мен Әминаны сырт-қа алып шығады. Сол бетінде өрт сөндіру бөліміне хабарлайды. Олар келгенше лаулап жанып, қызуы бет қаратпай тұрған өрт-тен балқып бара жатқан машина-ны итеріп, сыртқа шығарады. Бұл істе Асылбек Кенжеболатұлы өрт-тен қорықпай батылдық жасай-ды. Бірінші болып жүгіріп барып, машинаны тежегіштен шығарып, итере бастайды. Нәтижесінде қа-жының биыл ғана алған су жаңа автокөлігі де апаттан аман қала-ды.
Оқиғаны Қостанай қаласында жүріп естіген Әскербек қажы бі-разға дейін қатты алаңдайды. Алайда, құдайы көршілері бәрі жабылып, оның дүние-мүлкін, мал-жанын өрттен аман алып қалады. Сол күні дереу таксимен үйіне келген Әскербек қажы көр-шілерінің жасаған қамқорлығына дән риза болады. Машинасының темірлері майысқанымен дін аман екенін көзімен көреді. Сол сияқты, өртке ұшыраған аздаған шығынға да тәубә етеді.
– Көрші болса – менің көрші-лерімдей болсын! Мен бұл кісі-лердің барлығына шексіз риза-мын. Әсіресе, лаулап жанған өрт-тің ішіне кіріп, батылдық көрсет-кен Асылбек Кенжеболатұлына және жасы 70-тен асса да кімге де болса қамқор болып жүретін Қуаныш Исмағұлов ақсақалға айтар алғысым ерекше. Егер бұл кісілер болмағанда менің зайы-бым мен балам, үйім, дүние-мүл-кім түгел өртке ұшырап кетуі мүм-кін еді. Әуелі Алла тағала, сосын құдайы көршілерім айтып жеткізе алмайтын көмек көрсетті. Бұл кісілердің барлығына да өзімнің және отбасымның атынан алғыс айтамын! – дейді Әскербек қажы.
Бұл апатты оқиғаны естіген ау-дан жұртшылығы Әскербек қа-жының көршілерінің азаматтығы-на дән риза болыпты. Оларға ау-дандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Балтабай Уахитұлы қа-риялар атынан арнайы ізгі тілегін білдірді. Мұны Әскербек қажы тек Балтабай ақсақалдың ғана емес, аудан жұртшылығының да алғы-сы деп қабылдады.
Бүгінде Әскербек қажы өртке ұшыраған үйін күрделі жөндеу-ден өткізіп жатыр. Мүлдем жаңа үй салып жатқандай. Ол іске де көршілері көмектерін беріп, қолқабыстарын көрсетіп жүр.
Хамитбек
МҰСАБАЕВ
Аманкелді ауданы.