Тоғыз айдағы толымды істер

Инвестициялық жобалар – табыс кепілі
Изображение 5607Облыс орталығының жыл басынан бергі тыныс-тіршілігі ойдағыдай деп нақты түрде  айтуға болады. Бұған әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы дәлел  бола  алады.
Әдеттегідей, әңгімені инвестициялық қаражаттан бастайық. Мәселен, тоғыз айда  капитал  қоры қырық миллиард 850 миллион теңгені немесе 112,7 пайыз құрады. Соның  жеті миллиард 519 миллион теңгесі  республикалық бюджет есебінен. Қуа-нышпен айта кетейік, мұнша  ақ-шаны  жоғары  ұйымның ұсынуы қалаға деген жанашырлық ниетінің белгісі.
Тағы  да  атап өтерлік оқиға,  қала басшыларының орынды  талабының арқасында  жергілік-ті кәсіпкерлер ортақ мүддеге үлес қосуда. Олар бюджет қорына 30 миллиард 418 миллион теңге қаражат   құйды. Жергілікті бюджеттен 2 миллиард 913 миллион теңге жұмсалды. 
Айта кету керек, еліміздің  2010-2014  жылдарға арналған  үдемелі индустриалдық-инновациялық мемлекеттік  бағдарламасы бойынша Қостанай қа-ласына жиырма бес инвестициялық бағдарлама таңдалып алынған. Олардың құны 63,4 миллиард теңге. Қазақстанның индустриализация Картасын жүзеге асыру барысында жиырма төрт нысан пайдалануға берілді. Жұмсалған ақша – 62,5   миллиард  теңге. Жаңадан 1900 жұмыс орны  ашылды.    
Биылдың өзінде құны бес миллиард 808 миллион теңгемен  бағаланатын  екі инвестициялық  жоба жүзеге асырылды. Екі жүз адам жұмыспен қамтылды.
"Қостанай МБИ" жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі   жыл сайын  жетпіс мың шаршы метр көлемінде  құрылыс салатын материалдармен қамтамасыз ететін " Үй құрылысы " комбинаты жобасын таңдап алған-тын. Жоба шілде айының басында іске асты. Жаңадан бір жүз елу жұмыс орны ашылды.
"Сары  Арқа Авто Пром" серік-тестігі осы уақытта қабылдаған міндеттемесін орындады. Олар "Тойота" маркалы автокөлік жасайтын өндіріс ашты. Мұнда автокөлікті құрастырады. 
Кәсіпкерлік бөлімі кәсіпорындардың басшыларымен  бірле-сіп, кәсіпкерлік басқармасына  бағасы 850 миллион тұратын жобаларды іріктеді. Соның нәтижесінде үш жоба индустрияландыру картасынан тыс қабылданды. Қуаты алпыс екі мың тонна  бидай тартатын   кешен  құрылысы ( "Ақ алтын Ұн")  аяқталды.
"К-Ойл" серіктестігі ұсынған жобамен тәулігіне екі жүз тонна өсімдік майын өндіретін зауыттың құрылысы жаңғыртылды, "Иволга" серіктестігінің  жарма өндіретін цехы  қайта қалпына келтірілді.
 
Шағын бизнестің шеңбері кеңеюде
IMG_1682Биылғы   жылдың бірінші қазанына дейін Қостанайда  20993 шағын кәсіпкерлер субъектісі жұмыс істеді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 104,6  пайызға  өсті.  Шағын бизнестің екі жарым мыңнан астамы  заңды тұлғалар қатарынан.  Қалғаны жеке кәсіпкерлер.  Бір мың тұрғынға есептегенде субъектілер саны тоқсан екіге жетті. Осы  салада  жұмыс істейтіндер саны елу мыңнан асты.
Жыл басынан бері екі жүз қырық бір жаңа кәсіпорын шаңырақ көтерді. Жаңадан 438 жұмыс орны ашылды.  Шағын кәсіпкерлер бизнесімен 66,8 миллиард  теңгенің өнімі өндірілді.
"Бизнестің жол картасы –  2020" бағдарламасын жүзеге  асыру да қарқын алуда. Бірінші бағыт бойынша "Жаңа бизнес-инициативасын қолдау", "Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау"  жобаларының тиімді қырық бірі жүзеге асырылды. Бұлардың құны 1 миллиард 317 миллион теңге.
 "Өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту"  жобасымен  биыл өткен жылдан ауыстырылған  жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Авиационная көшесі  қалпына келтірілді. Соның сыртында автомобиль жолдары жөнделіп, үй құрылысы комбинатына инженерлік коммуникация құрылымы  тартылды.
Үшінші бағыт бойынша бірден жеті жоба жүзеге асырылды. Бұған бөлінген ақша 2583 миллион теңге.
 "Бизнестің жол картасы –  2020" бағдарламасы жедел түрде іске асуда. "Банк Центр Кредит" акционерлік қоғамының облыстық филиалы,  "Халық Банкі" акционерлік қоғамының облыстық филиалы , "БТА" банк акционерлік қоғамының облыстық филиалы, "Еуразия Банкі" акционерлік қоғамы,  Қостанайдағы " Ресейдің  жинақ банк" акционерлік  қоғамдары бұл тұрғыда үлгі көрсетті.
Төртінші бағыттағы бағдарлама да назар аударарлық. "Кәсіп-керліктің беделін арттыру" бағдарламасымен менеджменттерді оқыту қолға алынды. "Назарбаев Университеті" акционерлік қоға-мы базасында шағын және орта бизнес қызметкерлеріне білім бе-руге аймақтық үйлестіру кеңесі тапсырыс жасады. Оқыту индустриалдық дамуға байланысты болды. Тоғыз айда отыз екі тапсырыс қабылданды. Былтырғы жылы оқыту ісі қолға алынбаған-тын.
"Іскерлік байланысы" жобасымен жиырма жеті тапсырыс қа-былданды. Жобалардың ішінен таңдап алынғандары бойынша он төрт кәсіпкер "Тұран Профи" академиясында  (Астана қаласы) және "Тұран" университетінде (Алматы қаласы) оқыды.
 
Тұрғын үй – коммуналдық  шаруашылығы
Изображение 2 431"Қол жетімді баспана – 2020" бағдарламасымен биыл 152 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.
 Қаңтар-қыркүйек айларында тоқсан сегіз мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоспар 110,2 пайызға орындалды. 5258 шаршы метр  тұрғын үй бюджет қаражатымен салынды. 
 Аталған бағдарламаны  жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен бес миллиардтан астам ақша алынды. Қаржының үш миллиард теңгеге жуығы тұрғын үй салуға, қалған қаражат инженерлік-коммуникация инфрақұрылымдарын дамытуға жұмсалды.
Бүгінде оннан астам тұрғын үй салынуда. Алты үй көлемі қырық үш мың шаршы метр, үстіміздегі жылы пайдалануға берілмек.
Жол  құрылысы  да ескерусіз қалмады. 1 миллиард  311 миллион теңге қаражатпен Баймағамбетов көшесінің Гагарин-Орджоникидзе көшелері шекарасына, Чехов көшесінің Таран-Досжанов көшелері шекарасына, Герцен көшесінің Орджоникидзе -екінші Қостанай көшелері шекарасына дейін   қалпына  келтіріледі.
Жолдарды ағымды түрде ғана емес, күрделі жөндеу де күн тәртібіне қойылған. Железнодорожная көшесінің Гоголь-Досжанов  көшелерінің  шекарасына дейін бөлінген екі жүз тоғыз миллион теңгенің тоқсан тоғыз пайызы игерілді.
Қаланы көгалдандыру ісі де қарқын алуда. Ауа райы құбылса да, Гашек  көшесіндегі  парк  құрылысы жалғасуда. Бұған арналған жобаны игеру жекеменшік -мемлекеттік серіктестігі негізі болды.
"Ақ бұлақ" бағдарламасына да ерекше назар аударылуда. Төрт миллиард теңгеден астам қаражатпен он алты жоба таңдап алынды. Бұлар – басты канализациялық насос  стансасынан су қорын жинағышқа  дейінгі коллектордың алғашқы тармағы, Рудный тас жолындағы суды тазартатын қондырғы, Нариман көшесінің Баймағамбетов-Жамбыл  көшелері шекарасындағы  қондырғы, бірінші көтерілімдегі суды тазартқыш қондырғысы, Ударник селосындағы сумен қамтамасыз ететін құрылыс, Маяковский көшесіндегі  "Д-1200 мм коллекторы"  және басқалар.
Жаз айларында көгалдандыруға байланысты жұмыстар тоқтатылмады, қазір де жалғасуда. Бес мыңнан астам ағаш егілді. Төрт мыңға жуық көшетті кәсіпорында мен ұйымдар отырғызды. Қай көшеге бара қалсаңыз да жаз бойы жайнап өскен гүлдер көз жауын алды. Гүлзарлар  алқабының көлемі жиырма алты мың шаршы метрден асты. Сексен гүл газоны жасалып, екі мыңға жуық гүл құмырасы орнатылды.  
Бір сөзбен айтқанда, коммуналдық шаруашылық саласы тоғыз айда 6,8 миллиард теңге қаражатты игерді. Бұл жылдық жоспардың 93,2 пайызы.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мемлекеттік бағдарламасы бойынша он бір көпқабатты тұрғын үймен келісім-шарт жасалды. Мұның мақсаты үлкен. "ЖКХ жөндеу" серіктестігі  173 миллион теңгемен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қаражаттың тоқсан үш пайызы игерілді. Сегіз үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. Үш үйді қалпына келтіру  ісі де таяп қалды.
 
Халықты  әлеуметтік  жағынан  қорғау
Жыл басында еңбекпен қамту орталығына сегіз мыңнан астам адам келді. Бұлар өзіне қолайлы жұмыс сұрағандар. Аталған орындар тиісінше шаралар белгіледі. 255 адам қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік салаға 269 адам тартылды. Солардың он жетісі мүмкіндігі шектеулі жандар. 
Жастар  практикасы бойынша бір жүз адам отыз үш ұйымға  жолдама алды. Бұл топта да бес адамның мүмкіндігі шектеу-лі  азаматтар бар. Кәсіби мамандық алуға 147 адам жіберілді.
Бос орындарға жәрмеңке өткізу дәстүрге айналды. Жұмыссыздықты азайтуға бағытталған бұл тәсілдің шеңбері  кеңеюде. Кешегі күнге дейін сегіз жәрмеңке ұйымдастырылды. Соның төртеуі  мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналды.
Табысы күн көруге жетпейтін  отбасыларға атаулы көмек беру де жалғасын  табуда. Берілген ақшалапй көмек он бес миллион теңгеден асты. Он сегіз жасқа дейінгі  балаларға қамқорлық аясы кеңеюде. Оларға сегіз миллион теңге берілді. Тұрғын үйге төлемақыға елу бір миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Жекелей  қамқорлыққа мұқтаждар да ескерусіз қалмады. Бұлар  137 миллион теңгедей ақша алды.
Қаланың  мәдениет бөлімінің  қызметіне де көңіл толады.Теледидар қарап, интернетке үңіліп отырса  да кітап оқушылар көбеюде. Он алты мың оқырман кітапханаға барып, сүйікті қаламгерлердің туындыларын алып оқыды. Бұл жақсы көрсеткіш.  Тоғыз айда кітапханашылар бес жүзден астам шаралар өткізді.Түрлі тақырыптық кештер, тақырыптық көрмелер көпшілікке ұнайды. Кітап  құмарларды өзіне тартуда.
"Қызмет көрсету орталығы " ұжымы да қарап қалмады. Екі жүзден астам бұқаралық шараның ұйымдастырылуы соның дәлелі. Бұған екі жүз адам қатысты.
 
Бақылау күшейтіліп отырады
IMG_0110Қалалық тұтынушылар құқығын  қорғау бас-қармасы Қостанайдың көрікті болуына атсалысады. Олардың міндеті санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды  қалыптастыру. Соған байланысты едәуір шаралар белгіленді.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстар көп. Қыс айларының өзінде көшелерді қардан арылту уақытылы атқарылды. Көктемде асфальт үстіндегі мұз ойылып алынды. Бұған екі жүзден астам кәсіпорын қатысты.
Басқарманың мамандары қала әкімдігінің, сондай-ақ басқа кәсіпорындар мен мекеме ұжымдарымен бірлесіп, сенбіліктерде белсенділік танытты.
Қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен рейдтер өткізді. "Тазалық 2012"  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы жекеменшік үйлердің тұрғындарымен  санитарлық  тазалықты  сақтауға  орай түсінік  жұмыстары жүргізілді.   
Нысандарды пайдалануға қабылдау талап-қа сай. Отыздан астам келісім-шарт жасалды. Онда қатты қалдық заттарды тездетіп тасымалдау туралы атап өтілген.
Қаланың сәнін келтіруде түрлі әрлендіру жұмыстарының да ықпалы зор. Бұған аталған басқарма үнемі мән береді. Атап айтқанда, шарбақтарды қалпына келтіру және сырлау қажет. Мерзімінде талаптар қойылмаса, кейбір ұйымдар бұған атсалыспайды.
IMG_0112Қала әкімдігінің тапсырмасын орындауда ұқыптылық жасайтын да тұтынушылар құқы-ғын қорғау жөніндегі басқарма.Олар гүлзарлар санын көбейтуге күш салуда. Он алты нысанда қосымша гүлзарлар жасалды. Жарнама  тақталары мен билбордтар жаңартылды. Он екі нысанда  қоқыстар салатын ыдыстар орнатылды. Көгалдандыруға, санитарлық тазалыққа байланысты жиырмадан астам шағым болған еді. Бас-қарма бұған да назар аударды. Шағымдар дер кезінде талқыланып, тиісінше шаралар белгіленді.  
 Айта кету керек, таяуда жарияланған санитарлық тазалық айлығында көптеген ұжымдар белсенділік танытты. Бұлар – Баймағамбетов көшесіне жауапты ұйымдар – "Медеу" қонақ   үйі, "Сенатор" дүкені, Урицкий  көшесінен "Виктория" сақтандыру қоғамы, Таран көшесінен "Тұмар" рестораны, спорт сарайы, Гагарин   көшесінен  "Агротехмаш", "Фармаком" ЖШС-тері, Чкалов көшесінен офтальмология   ауруханасы, "Макс" дүкені,  Мирошниченко көшесінен N27 балабақшалары. Мұндай міндеттеме алған  кәсіпорындар, мекемелер саны сегіз  жүзден  астам.
 
"Кани" гүлінің тұқымы сақталады
IMG_0113Міне, күздің соңғы айы да бас-талды. Бұл ай күздегі жиын-теріннің аяқталатын мезгілі. Ауылдықтар алтын дәнді қамбаға құйып жатса, қалалықтар да қарап қалмайды. Бұған мына   оқиға куә.
Қаланың көшелерін аралап    келе жатқанда, коммуналдық  шаруашылық кәсіпорны қызметкерлерінің дамыл таппайтынын  байқайсыз. Олардың  гүл-зарларды тазартуда білек  сыбанатыны түсінікті. Тазартқанда жаздай  жайнап өскен гүлдер күзде солғасын, сабақтарын жи-нағаны ғой деп ойлайсыз. Бұлай емес екен.  
IMG_0106Олар гүлдердің  сабағын тү-бір  тұсынан қайшымен қияды. Гүлдерді неге түбірімен қазып алмайтынына таң қаласыз. Журналистік қызығушылықпен сауал қойдық. 
– Кани гүлі картоп сияқты дақыл. Гүлдің тұқымын жыл сайын іздеп,  әурелену қажет  емес. Топырақтың астынан Канидың картоп тәріздес  тұқымын қазып алып, жер төледе сақтауға   болады. Келер жылы  осы жертөледе   сақталған тұқымды   егеміз, – деп түсіндірді  Иван  есімді   жігіт.
Шынында да, адам қызығарлық оқиға. Себебі, "Кани"  гүлінің   сырын  біреулер білсе, енді біреулер білмейді.    
Ермекбай Хасенов
Суреттерде: "Кани" гүлі-нің  тұқымы  осылайша қазылып   алынып, сабағы қоқысқа  тасталады. 
Суреттерді   түсірген  Айбек   Жүзбай.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓