Арайлап атсын әрбір таң
"Шолақсай" серіктестігінің директоры, Науырзым ауда-нының құрметті азаматы
Кеңес Одағы ыдырап, бұрынғы эко-номикалық байланыстар үзіліп, эконо-микасы қуатты деген шаруашылықтардың өзі күн көре алмай, тоз-тозы шыққанда осы атамекен – "Шолақсайды" қайтсек сақтап қаламыз деп ізденіс танытып, күш-жігер жұмсағанда жаңа да қиын іске жігерлендір-ген баспасөз құралдарының бірі – облыстық "Қостанай таңы" газеті еді. Сол бір тұста және содан кейін де газет тілшілері Дамир Әбіш, Ермекбай Хасенов, Айтолқын Айқадамова және басқалары біздің шаруашылықтан талай мақалалар жазды, еңбек адамының мерейін өсірді, жақсы жаңалықтарымызды жалпақ елге жария етті.
Біз де өз тарапымыздан газетті насихаттау арқылы оны өз шаруа-шылығымызда көптеп жаздырып алатын болдық. Талай жылдар бойы Шолақсай тұрғындары жүз данадан астам газет алдырып жүр.
Облыстық басылымның әрбір санын біз асыға күтеміз. Өткен жылы осындай қоңыр күздің бір сәтті күні "Қостанай таңы" "Туған жердің тұлғалары" айдарымен облыстан шыққан бір топ белгілі адамдардың суреттерін басты. Солардың ішінен өз суретімді де көріп, ерекше толқыдым. Жансұлтан Демеев, Кәмшат Дөненбаева, Жәзит Құдайқұл сияқты даңқты адамдар қатарына мені де қосып, мерейімді өсірді.
Сол суреттер шоғырын әдейі үлкейтіп "Шолақсайда" өзіміз ашқан жаңа мұражайдың төріне ілдік, сол мұражайдың ашылу салтанатына редакция қызметкерлерін де шақырып отырмыз.
"Қостанай таңы"
Шырқырады сен-деп Бейімбет жаны,
Төгілді ердің тап таза қаны.
Өзіңде тұр ғой сөздердің балы,
Жарқырай берші "Қостанай таңы".
Өткір сөздің қиясы едің,
Өлең сөздің миясы едің.
Ахмет пенен Мыржақып ұшқан,
Қырандардың ұясы едің.
Оқырмандарың сөзіңді ұққан,
Дұшпандарыңның талайын жыққан.
Халық ақындары Нұрхан мен Омар,
Тума талант боп өзіңнен шыққан.
Іздері қалды жақсының басқан,
Мұханбетжаннан жан бар ма асқан.
Сырбай мен Ғафу Алматыдан келіп,
Сағыныш пенен есігіңді ашқан.
Толқынды талант шашатын бәрін,
Өзіңнен ұшты данышпан дарын.
Жебей берсінші өмірден өткен,
Бақытжан, Ілияс, Сабыржандарың.
Жаятын еді іштегі барын,
Ожданы болар ұят пен арың.
Талай сыйлықтың иегерлері,
Қайсар менен Қойшығараларың.
Өлең болып бүгін жадырады,
Күнім шығып бұлтым ажырады.
Арайлай берші, "Қостанай таңы",
Қазақ тілімнің қара шаңырағы.
Болат Молдашұлы,
Ақын, сазгер.