Бағдарламаға жан бітті
Рудный қаласында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте көпқабатты үйлерде тұратын әрбір пәтер иесі кешенді шараны түсіністікпен қабылдап, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын қайта құру ісіне белсене араласуда.
Елбасы Нұрсұлтан Назар-баевтың тікелей тапсырмасымен осыдан 3 жыл бұрын қолға алын-ған бағдарламаның арқасында кеншілер қаласында 20 шақты көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтіп, көшелердің келбеті жаңара түсті. Әйтсе де, тұрғын үй қоры 768 көпқабатты үйді құрайтын шағын шаһарда тозығы жеткен үйлер жетерлік. Олардың түгел-дей дерлігі қаланың солтүстік бөлігінде орын тепкен. Рудный қалалық тұрғын үй инспекциясы мамандарының айтуынша, бүгін-де тұрғын үйлерді жаңарту мақса-тында 100-ден аса кондоминиум нысаны тіркелген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 174-ке жеткізу көзделіп отыр. Алайда көп мәселе қағазбастылық пен бюрократияның салдарынан кешеуілдеп орындалуда. Осыған қарамастан биыл Рудный қаласында жалпы ауданы 1984 шаршы метрді құрайтын 5 тұрғын үй толық жөндеуден өтіп, қайта жаңартылды. Олар Гагарин көшесіндегі 12 А, Строительная көшесіндегі 63 үй мен Тобольская көшесінде қаз қатар тізілген №1,3,5 үйлер.
Біз бағдарламаның қанша-лықты деңгейде орындалып жатқандығын өз көзімізбен көріп, тұрғындардың тілегі мен мұң-мұқтажын тыңдап қайту үшін қайта жаңғыртудан өткен бірне-ше үйді аралаған болатынбыз. Алдымен жөндеу жұмыстары толық аяқталған Строительная көшесіндегі №63 екіқабатты үйге атбасын тіредік. Іргетасы 1957-1958 жылдары қаланған 8 пәтерлі үй бүгіндері адам таны-мастай өзгерген. Айналасындағы жыртық-жамау үйлерден ерек-шеленіп тұрған бұл ғимарат әрі-бері өткен талай адамдың таң-дайын қақтырғаны сөзсіз. Себебі, үйдің қасбеті жылу сақтағыш материал салынып және қапта-лып, шатыры жаңартылған. Сон-дай-ақ мердігерлер үйдің ірге-тасын біраз көтеріп, плитамен қаптап шыққан. Ең бастысы, тұрғындар дән риза. Мәселен, зейнеткер Шора Мұстафаев 2007 жылы Өзбекстанның Науаи облысы Үшқұдық қаласынан осы үйге көшіп келген. Осы уақыт аралығында қала мен өзі тұратын көшеге бауыр басып кеткен ақсақал бағдарлама туралы өз ойымен бөлісті.
– Мамыр айында тұрғын-дармен бірнеше жиналыстар өткізіп, нәтижесінде тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына қаты-суды бірауыздан мақұлдадық. Кондоминиум нысанын тіркеп, қажетті құжаттарға қол қойып, келісім-шартқа отырған соң көп ұзамай құрылыс компаниясының жұмысшылары іске кірісті. Мына үйді олар бастан-аяқ 3 айдың ішінде жөндеп бітірді. Қазір үйіміз құдды коттедж сияқты. Туыста-рымыз көріп, қызығып жатыр, – дейді Шора Сәлиұлы.
Ал, осы үйдің тағы бір тұрғыны Жанарбек Оразов аулада дұрыс қоқыс тастайтын орын мен бала-ларға арналған ойын алаңының жоқтығына қынжылады.
– Баспанамызды жақсылап жөндетіп алдық. Ендігі кезекте оның айналасына көңіл бөлінсе деймін. Себебі, ойын алаңы бы-лай тұрсын, үлкен кісілердің бел жазып отыратын орындықтары да жоқ, – дейді ол.
Рудный қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Екатерина Бабанова-ның айтуынша, жалпы Қостанай облысында бағдарлама арқылы 44 үйді толық жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджеттен 678,8 млн. теңге қаражат бөлін-ген. Соның 30,2 млн. теңгесі жоға-рыда аталған 5 үйге тиесілі.
– Осы үйдің жөндеу жұмыс-тарына смета бойынша 6 604 900 теңге жұмсалды. Бұл қаражат жалпы ауданы 402 шаршы метр-ді құрайтын 8 пәтерге бөлініп отыр. Яғни, әрбір шаршы метрге шамамен 16400 теңгеден келеді. Мәселен, мұндағы 2 бөлмелі пәтер 47,2 шаршы метрді құраса (47,2 х 16400 = 775000), пәтер иесі 775 мың теңге пайызсыз қарызды қайтару үшін 15 жыл бойы айына 4300 теңге төлеп тұрады, – дейді бас маман.
Айта кетерлігі, жөндеу жұмыс-тары кезінде құбырлар да ауыс-тырылып, жылу есептегіш құра-лы орнатылды. Бұдан былай тұр-ғындар айына 4-5 мың теңгесінен қағылғанымен, жылу үнемдеудің арқасында жұмсалған қаражат-тарының тең жартысын қайта-рып алмақ.
Строительная көшесіндегі бұл үйден соң атбасын Тобольская көшесінде орналасқан 1,3 және 5 үйлерге тіредік. "Спутник" пәтер иелері кооперативіне тиесілі мұндағы үйлердің әрқайсысын жөндеуге мемлекет 6,5 млн. теңгеден 19,5 млн. теңге бөліп отыр. Бүгінде қайта жаңарту жұмыстарының 90 пайызы біткен.
– Құрылыс жұмыстарын атқарушы "Скиф" ЖШС берілген тапсырмаға зор жауапкершілік-пен қарап, тозығы жеткен тұрғын үйлерге жан бітіріп отыр. Сеченова, Марите көшесіндегі көршілер де біздің үйге қызыға қарап, бағдарламаға қатысуға бел буып отыр, – дейді №5 үйдің тұрғыны Людмила Кравченко.
Людмила бізді ертіп, саты арқылы үйдің шатырына қарай көтерілді. Құрылысшылар үйдің бет-әлпетін әрлеп қана қоймай, тұрғындардың жайлы өмір сүрулері үшін жағдайдың барлығын жасаған екен. Үйдің шатырына жып-жинақы, ағашта-рының барлығы жаңартылған және жауын суын өткізбейтін ар-найы материалдармен қапта-лыпты. Құрылыс жұмыстарының барлығы қала басшылығы мен тұрғындардың жіті бақылауында болғанын ескерсек, жаңғыртыл-ған ескі үйлер әлі 20-25 жылдай қалтқысыз қызмет етпек.
Тұрғын үй-коммуналдық ша-руашылығын жаңғырту бағдар-ламасы шеңберінде қалада бұ-дан басқа да ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, биыл республикалық бюджеттен жылу есептегіш құралдарды орнату үшін 182 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа шаһардағы 270 үйге жыл соңына дейін осындай құрылғы орнату көзделген. Қазіргі таңда түсіндіру жұмыстары аяқ-талып, 40 шақты тұрғын үйге жы-лу есептегіш құрал орнатылған. Енді қыс түсемін дегенше бөлін-ген қаражатты толық игеру – тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басты міндеті.
"Сын түзелмей, мін түзелмес" дегендей, бүгінде сең қозғалды. Бағдарламаға жан бітті. Әкімдік тарапынан тұрғындарға бағдар-лама механизмін және шарт-тарын түсіндіру және ақпарат бе-ру мақсатында жыл басталғалы 100-ден астам жиын өткізіліпті. Рудный қалалық тұрғын үй инспекциясының бастығы Қай-рат Әлденовтың мәлімдеуінше, рудныйлықтардың арасында жекеменшігіндегі үйді мемлекет жөндесін деп міндет қылушылар да аз емес. Соған қарамастан қала басшылары қордаланған мәселелерді уақытылы шешіп, бағдарламаның толыққанды жүзеге асуына бар күшін салып келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен осыдан 3 жыл бұрын қолға алынған бағдарламаның арқасында кеншілер қаласында 20 шақты көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтіп, көшелердің келбеті жаңара түсті. Әйтсе де тұрғын үй қоры 768 көпқабатты үйді құрайтын шағын шаһарда тозығы жеткен үйлер жетерлік. Олардың түгелдей дерлігі қаланың солтүстік бөлігінде орын тепкен. Рудный қалалық тұрғын үй инспекциясы мамандарының айтуынша, бүгінде тұрғын үйлерді жаңарту мақсатында 100-ден аса кондоминиум нысаны тіркелген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 174-ке жеткізу көзделіп отыр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде қалада бұдан басқа да ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, биыл республикалық бюджеттен жылу есептегіш құралдарды орнату үшін 182 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа шаһардағы 270 үйге жыл соңына дейін осындай құрылғы орнату көзделген. Қазіргі таңда түсіндіру жұмыстары аяқталып, 40 шақты тұрғын үйге жылу есептегіш құрал орнатылған. Енді қыс түсемін дегенше бөлінген қаражатты толық игеру – тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басты міндеті.
Қуаныш
ЕСҚАБЫЛ