COVID-19: тағы 2 жағдай тіркелді
Бүгін, 8 мамыр күні Қостанай облысында COVID-19 жұқтырудың 2 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Қостанай облысының Жедел ақпараттық штабы.
Коронавирус инфекциясы Атырау облысындағы Теңіз кен орнынында жұмыс істеген 1978 жылғы ер адамнан анықталған. ПТР диагностикалық тексерудің нәтижесі оның COVID-19 жұқтырғанын растады. Науқас жедел түрде Қостанай облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Сонымен қатар, Жітіқара қаласының тұрғыны, 50 жастағы әйел індетке шалдыққан. Скринингтiк тексеру науқас әйел Жітіқара аудандық орталық ауруханасына ЖРВИ диагнозымен жүгінген кезде тексерілген. ПТР зерттеудің нәтижелері бойынша одан коронавирус инфекциясы нақтыланды. Әйел жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.
Екі науқаспен жақын байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.
8 мамырдағы мәлімет бойынша Қостанай облысында COVID-19 кеселін жұқтырудың 61 жағдайы тіркелген.