Ашық қоғамға апарар қадам

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән беру керектігін атап өтті. Осы орайда Мемлекет басшысы мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн деді.
«Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады» деген Президент бұл мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін жасалатын қадам екенін жеткізді.
Сондай-ақ ҚР Президенті мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санайтындығын айтты. Қазір мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы ұсынатын бір ғана кандидатураға келісім береді немесе келісім бермейді. Атап айтқанда, Президенттің құқығын регламенттейтін заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажеттігі маңызды. Балама негізде облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері қызметіне кемінде екі кандидатура енгізілсе, Президент мәслихаттарға ықтимал сайлау туралы қарау нәтижелерін ескере отырып, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайтын болады.
Сонымен қатар, Президент үйлесімді әрі аралас сайлау жүйесіне тоқтала келе, бұл өз кезегінде барлық азаматтардың құқығын ескеретінін атап өтті. Пропорционалды-мажоритарлық модель сайлаушылардың мүддесін ұлттық және өңірлік деңгейде жақсы көрсетеді. Мәжілістің депутаттық корпусы келесі кесте бойынша қалыптасады, яғни 70 пайызы пропорционалды және 30 пайызы мажоритарлық негізде болады. Сонымен бірге, аралас модель облыстар мен республикалық маңыздағы қалалар мәслихаттары сайлауына енгізіледі. «Сайлаудың осы тәсіліне оралу біз үшін өте маңызды. Бұл қадам партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төменду үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы. Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынамын. Бұл жүйе жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастырады. Оған қоса, елдің алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады»,- деді Мемлекет басшысы.
 
Сайлаубек ЕЩАНОВ,
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓