Батыр бабалар

Екінші дүниежүзілік соғыстың өрті шарпымаған шаңырақ кем де кем. Қанша жылдар өтсе де, сұрапыл соғыстың қасіреті баршаның жүрегінде. Мыңдаған қазақ қолына қару алып, ұрыстарға қатысты. Солардың бірі – ағайынды Байболиндер. Молдахмет Байболин 1907 жылы Амангелді ауданына қарасты Сарыторғай ауылында дүниеге келген. Есейе келе Амангелдіде сауда саласында қызмет атқарған. Соғысқа 1941 жылы аудандық комиссариаттан алынған. Әуелі Беларусь майданына түсті, кейін Украина, Польша, Берлинге дейін жүрді. Ұлы Отан соғысындағы әскери қызметі – штаттық әскери бөлімшесінің пулеметшісі, атқыш жауынгер. 1945 жылғы бір майданда снаряд түсіп, ауыр жараланады. Қырыққа толмаған Молдахмет бір қолы, бір аяғы және жанарынан айырылады. Өзінің отанға және еліне деген сүйіспеншілігінің арқасында ажалға берілмей, 1947 жылы Ресей елінде әскери госпитальде ем қабылдаған. Оның соғыстағы батырлығы ескеріліп, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі және «І дәрежелі Отан соғысы» ордені берілді. Соғыс салдарынан мүгедек қалған Молдахмет Байболин 1947 жылы туған жеріне оралды. Елге келіп, тыл ардагері Әлия Нұрмағамбетқызымен отау құрып, 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеген. Қалған ғұмырын балаларының тәрбиесіне жұмсаған ол 1982 жылы 75 жасында көз жұмды. Міне, Молдахмет әкеміздің қайсарлығы, өлім мен өмір арасындағы күресінің арқасында артында ұрпақтары қалды.
IMG-20200507-WA0034  
Сұм соғыс өмірін жалмаған батырлардың бірі – Қожахмет Байбалин. 1913 жылы Амангелді ауданыың Первомай ауылында туған. Аудандық Кеңес Одағы Коммунистік партиясында қызмет атқарған. Соғысқа 1941 жылы алынды. Осы жылы 26 маусымда Карелия Республикасының 71-ші атқыштар дивизиясы құрамында атқыш жауынгер ретінде алғашқы ұрыстарына кіріскен. Дивизия командирі, генерал-майор Замировскийдің қолбасшылығымен, Кеңес жерін неміс басқыншыларынан босатқан. Оның бірі 1943 жылдың қаңтарында Санкт-Петербург губерниясында орналасқан Липка ауылында болды. Жауынгер Қожахмет «Искра» әскери операцисын өткізуге қатысты. Бұдан кейін Ресей, Украина және Польша жерлеріндегі сұрапыл кезеңдерді бастан өткерді. Соғыстың аяқталуына санаулы күндер қалғанда батыр бабамыз арамыздан кетіп қалды. 1945 жылы 17 қаңтарда Польшадағы соғыс ұрысында қаза тапты. Ол кезде майдангер 32 жаста еді. Ол Польшаның Вулька ауылында орналасқан «Братская могила» аймағындажерленді. Артында ұрпағын қалдырмаса да, келешек ұрпақтың бейбіт өмір сүруі үшін қанмайданда ерлік көрсетті. Батыр балалардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓