«Тобыл» топ бастады
Футболдан Қазақстан Премьер-лига командалары арасында өткен кезекті 25-ші тур ойындарына сәйкес Қостанайдың «Тобылы» Қызылордада, жергілікті «Қайсармен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.Он екінші минутта «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Огнен Красич есеп ашты.Арада сегіз минут өткенде Иосип Кнежевич таблодағы есепті теңестірді. Ал 37-ші минутта «Тобылдың» шабуылшысы Игорь Зенькович алаң иелерінің қақпасына тағы бір доп соғып, матчтың тағдырын біржола шешіп берді.Сөйтіп, қостанайлық команда 19 ұпаймен екінші алтылықтың көшін бастады. Енді жерлестеріміз 19 қыркүйек күні өз алаңында «Таразды» қабылдайды.
Айбек КӘДІРҰЛЫ