Жолдар, жолдар…
Жарықшақтар торы, асфальт қалыңдығының сәйкес келмеуі, пайдаланылатын материалдардың сапасы, автожолдардың жайы көбіне сын көтермей жатады. Б.Майлин атындағы ауданда автожол құрылысы учаскесін тексеру барысында қоғам белсенділері бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.
Мониторингті Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы "Қостанай – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен кезекті бақылау жұмыстарын бірлесіп жүргізді.
Жол учаскесінде заң бұзушылықтардың бар-жоғын тексеру мақсатында ұлттық жол активтері орталығының мамандары жергілікті ТҚШ жүгінді, бұл үшін ұйымдар жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау бойынша бірлескен шарт жасады. "Увальное кентіндегі кіреберіс автожолдың орташа жөндеу учаскесінің тексерісі жүргізілді, тексеріс барысында асфальтбетон жабынының 9 Керн іріктелді, сынама алу нәтижелері бойынша 1 Керн қалыңдығы 5 см болғанда 2.5 см құрады, сонымен қатар жалпы ауданы 200 м2 болатын жарықтар торы анықталды" – деп түсіндірді жол активтері орталығы филиалының басшысы Абылайхан Алшынбаев.
"Жолдар елдің басты жүйесінің бірі және де инфрақұрылымның ажырамас бөлігі, жол төсемін салуға орасан қаражат бөлінеді, сондықтан алдағы уақыттарда да жұртшылықпен бірге осындай мониторингтер жүргізіліп тұрады. Біз учаскелерге барамыз, керндер, қолданылатын материалдарға сынамалар іріктеледі, мұның бәрі зертханаларда зерттеледі, олар сапа бойынша қорытынды шығарады, сәйкес келмеген жағдайда мердігерлер барлық заң бұзушылықтарды жоюға міндетті", деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов.
Облыстық және өңірлік арнайы мониторингтік топтар мүшелері, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлері автожолдар құрылысы сапасының мониторингін құрылыс маусымының соңына дейін жүргізетін болады. Азаматтар жол төсемін салу кезіндегі барлық заңсыздықтар туралы Call орталығының 1424 нөмірі бойынша хабарлай алады.