Олар барлық құрметке лайық
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомат Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңна қол қойды. Мұндай заң Ресейде, жалпы, ТМД елдерінің көпшілігінде бар. Міне, осы көптен күткен заң қабылданды.
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанына өте қуаныштымыз. Бұл заңның қабылдануы ардагерлер мәртебесін анықтап берді. Сонымен қатар, құжат ардагерлерге теңестірілетін тұлғалар мен Отан алдындағы әскери және азаматтық борышын өтеген адамдардың құқығы мен әлеуметтік мүддесін қорғау саласындағы мәселелерді заң негізінде реттеп берді.
Заңда екінші дүниежүзілік соғыстың майдангерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар қатарына басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлері де кіргізілген. Сонымен бірге, еліміздегі соғыс және еңбек ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер заң шеңберінде бекітілді. Мемлекет ардагерлерді әлеуметтік қорғауды жаңа заңда көрсетілген 5 негізгі санат бойынша заңдастырды.
Жеңістің 75 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында қабылданған ардагерлер мәртебесін «Ардагерлер туралы» заңмен асқақтатып отырғаны көңілімізге қуаныш ұялатады.
Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, Отанына елеулі еңбек сіңірген, халқына абыройлы ардагерлеріміз – соғыс және еңбек ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар барлық құрметке лайық жандар.
Өтеген ИСЕНОВ,
Ө.Сұлтанғазин атындағы
ҚМПУ профессоры,
тарих ғылымдарының
кандидаты.
Ө.Сұлтанғазин атындағы
ҚМПУ профессоры,
тарих ғылымдарының
кандидаты.