Отаншылдық тәрбиенің маңызын көрсетеді
«Ардагерлер туралы» жаңа заңда ардагерлерге теңестірілген тұлғалардың санаттары мен оларды әлеуметтік қолдау шаралары да айқындалды.
Осы заң аясында бұған дейін ардагерлерге қарастырылмаған әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақылар түрлі санаттар үшін ескерілген. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген адамдардың санаты да осы заңға толық енген.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда мыңның шамасында екінші дүниежүзілік қырғынның, 11 мыңнан астам Ауған соғысының ардагерлері бар. Ауған соғысына қатысқан азаматтар бірнеше жылдан бері қоғамдағы мәртебесін көтеру туралы айтып жүрген еді. Жаңа заңда солардың да мәртебесі айқындалып, соғыс ардагерлерінің санатына теңестірілді.
«Ардагерлер туралы» қабылданған заңның басты мақсаты – соғыс және оларға теңестірілген еңбек ардагерлердің әлеуметтік жағынан қорғауды қажет ететін санаттарын анықтау және әлеуметтік қолдау шараларын заң аясында бекіту. Осы заңның барлық тармағын орындау үшін жыл сайын қосымша қаржы бөлініп отырады.
«Ардагерлер туралы» маңызды құжаттың қабылдануымен барша ардагерлерді құттықтаймыз!
Біз оқу-тәрбие жұмысында майдангерлердің ерлігін, қандай патриот болғанын жас ұрпаққа айтып, отаншылдық қасиетті бойларына дарытуға барымызды саламыз.
Гүлмаржан БЕРІШБАЙҚЫЗЫ,
С.Мәуленов атындағы гимназия
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары.
С.Мәуленов атындағы гимназия
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары.