«Алтынай» абыроймен оралды

Алматы қаласында өткен халықаралық «Күншуақ» фестиваль байқауында біздің облысымыздың мерейі үстем болып оралды. Облыстық балалар шығармашылығы мектебінің «Алтынай» халықтық би ансамблі аталған би додасынан екі аталым бойынша қос бірдей бас жүлдені жеңіп алды. Ансамбльдің құрамында 3 және 4 сынып оқушылары өнер көрсетеді.
IMG_05738 IMG_05786 IMG_05862 IMG_06025 IMG_06144Бүгін Салтанат Нұрымова жетекшілік ететін шығармашылық ұжым оңтүстік астанадан келіп отыр. Жеңімпаздарды пойыз басынан қарсы алуға өнерпаздардың ата-аналары, туыстары жиналып барды.
– Жоғары деңгейдегі байқауда жүзден астам өнер ұжымы сынға түсті. Тартысты додада біздің кішкентай қыздарымыз мықты екендерін дәлелдеп шығып отыр. Алдағы маусым айының ортасында Бурабай курортында, ал шілде айнда Сочи қаласында өтетін халықаралық би байқауына бармақшымыз. Сол өнер додасында да қыздарымның жетістігі зор болады деген сенімдемін, – деді ансамбль жетекшісі Салтанат Нұрымова. 
IMG_0588
Айта кетейік, биыл хореографиялық ансамбльдің құрылғанына 16 жыл толды. Аз жыл ішінде шыққан биігі аз емес. Бұған дейін де Сочиде өткен халықаралық өнер байқауында әлемнің бірнеше елінен келген бишілерден басым түсіп, жүлделі орындарды қанжығалады. Сондай-ақ, халықаралық дәрежедегі «Күншуақ», «Звездный танец», «Танцевальная волна», «Тәңір күбірі», «Volnafest Sochi» байқауларына қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Қазіргі таңда ансамбль репертуарында 50-ден астам билер мен би қойылымдары бар.
Алғаш өнерге қадам басқан жылдары ұжымда 15 бала ғана болды, қазір олардың саны 200-ден асып жығылады. Ұжымның репертуарында «Қарлығаш», «Водопад», «Гномики», «Малайзия», «Жайдарман», «Хорезм», «Тундра», «Армян биі», «Үкілi домбыра»,  «Осетинская хонга», «Гүл шуағы», «Аққу-арай», «Томирис», «Кербез қыз» және басқа да қойылымдары бар. Ал ансамбльдің бүгінгі күні қол жеткізген биіктеріне Салтанат Нұрымованың еңбегі зор.
IMG_06503
IMG_06401

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓