Бетперделер басқармаға тиесілі

Қостанай облысы арқылы 906 732 дана бетпердені шекарадан Ресейге алып өтпек болған заңсыз тасымалдаушылардың ұсталғаны туралы бұған едйін хабарланған еді. Осы миллионға жуық маска облыстық Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Без названия
Еске салайық, Қазақстаннан Ресейге бағыт алған жүк көлігінің жолы кесілген болатын. Көліктің жүк салу бөлігінен тауардың заңдылығын растайтын ілеспе құжаты жоқ 906 732 дана медициналық маска тәркіленді. Мамандар есебінше, келтірілген залал сомасы 27 780 000 теңгеге тең. Айыпты тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 214-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ал күні кеше облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бетперделерді Денсаулық сақтау басқармасына тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓