81 адам жолда қалған

18 ақпаннан бастап, облыстың автожолдарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жедел штаб күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Штаб құрамында жол ұйымдары, азаматтық қорғау және ішкі істер органдарының өкілдері бар.   image-19-02-20-11-59-1image-19-02-20-11-59Алғашқы тәулікте облыстық ТЖД бөлімшелері, полиция қызметкерлері және жол қызметі 10 апаттан құтқару жұмыстарын жүргізді. Жалпы саны 81 адам құтқарылды, олардың алтауы – балалар. Қар құрсауынан 45 көлік шығарылған. Құтқару жұмыстарына ТЖД мен ІІД-нің 15 көлігі және 41 қызметкер жұмылдырылды. Жолдың қарын аршуға 10 арнайы техника, 20 жұмысшы жіберілген.image-19-02-20-11-59-4
Ауа райы бұзылып, қалың қар түсіп, боран соғып, жел жылдамдығы 23-28 м/с-қа жетуіне байланысты, облыс аумағында автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. Республикалық маңыздағы 5 және облыстық маңызға ие 23 жол уақытша жабылды.image-19-02-20-11-59-2
Облыстық ТЖД тұрғындарға боранды күні жолға шықпауды ескертеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓