COVID-19: +1

Бүгін Қостанай қаласында коронавирустық инфекция тағы 1 адамнан анықталды.images
Қазақстанның азаматтығына ие 17 студент «Қайрақ» автоөткелі арқылы шекара асып келген. Аталған тұлғалар Тобыл қаласындағы карантин стационарына жатқызылып, сол жерде коронавирустық инфекцияға алынған анализ қорытындысы келгенге дейін болған.
COVID-19 Ресей Федерациясынан келген 2001 жылғы студент қызда анықталды. Емделуші қыз Қостанай облыстық ауруханасының инфекциялық бөліміне ауыстырылды.  Автобуста бірге келген адамдар медициналық бақылауға алынды. Бойжеткен туыс-жақындарымен қатынаспаған. Қазіргі таңда науқас хаттамамен бекітілген тиісті емдеуді алып жатыр. 
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.  
Бүгінгі таңда Қостанай облысында COVID-19 ауруына шалдыққан 54 адам тіркелді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓