Әке туралы сөз

Міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 75 жыл толғалы тұр. Елімізде Жеңіс күні әр жылда тойланып, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үлкен құрмет, шама-шарқынша сыйсияпаттарын көрсетіп жатады. Жыл өткен сайын ардагерлер қатары сейіліп, санаулы ғана қалды. Биылғы жылы коронавирустың салдарынан бұл мереке қарапайым аталып өтелмекші. Осы Ұлы Отан соғысына біздің марқұм әкеміз де қатысты. Әкеміз – Түменбаев Мырзағазы Нұрмұхаммедұлы 1911 жылы 10 қарашада дүниеге келген. Соғыс-қа 1940 жылы шақырылды. Анамыз Бөпетай Нұрғалиқызы екеуі 7 ұлқыз өсірген. Үлкен ағамыз Бектеміс, апамыз Гүлжиян жастай шетінеп кеткен. Соғыс жолын әкеміз жаяу атқыштар дивизиясы құрамында өткен. Сұм соғыста Берлинге дейін барып, 1946 жылы туған жеріне оралған. Марқұм әкеміз бала кезімізде соғыс туралы сұрағанда: "Ие, сұм соғысты бастарыңа бермесін", – деп қысқа ғана қайыратын. Әкеміз Балықты ауылында ұста болып істеді. Қолының шеберлігімен қатар, қазақтың киелі домбырасында ойнап, ән айтып той-домалақтың сәні болған. Зейнеткерлікке шыққанша ұста болып, еліне, жеріне қызмет етті. Әкеміз қан майданның ортасында жүргенде, анамыз да колхозда еңбек етті. Кейде әңгіме-дүкен құрғанда өгіз жегіп, сонау Қостанайға бидай тасығандарын айтып, суық жаңбыр астында толарсақтан саз кешіп, арып-ашып көрген бейнеттерін еске алып отырушы еді. Иә, сол кездегі кісілердің көрген бейнетін енді Алла ешкімге көрсете көрмесін. Еліміз гүлденіп, жайнай берсін! Әке-анамыздың аруақтары риза болсын деп, бүгін мереке қарсаңында қолыма қалам алдым. Мен отбасымыздың кенжесімін. Біздің қолдан келер тек әке-анамызға құран бағыштап еске алу.
image description
Алланың рақымы, Пайғамбардың шапағатын төгіп жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын! Жандары жәннатта болсын! Артында қалған отбастарына, ұл-қыздарына, немере-шөберелеріне, туғантуыстарына дендеріне саулық берсін деп тілейміз.
Кенжеғазы Түменбаев.
Рудный қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓