Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі
Бүгін Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі. Облыс орталығында таңертеңнен жауған жауын тоқтаған емес Бірақ бұл қостанайлықтар үшін Жеңіс тойын тойлатуға еш кедергі болған жоқ. Қала тұрғындары қолдарына гүл шоқтарын, қан майданда жаумен айқасқан аталарының суреттерін ұстап орталық алаңға жиналды.
Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Нұралы Садуақасов ардагерлерді, жиналған қауымды Ұлы мерекемен құттықтады. Майдангерлерге бүгінгі бейбіт өмір үшін шексіз алғысын білдірді.
Одан кейін сұрапыл соғыстың әр отбасынна ауыр тиіп, қабырғасын қайысртырғанын бейнелейтін сахналаған көрініс көрсетілді. Жергілікті өнерпаздар ардагерлер құрметіне ән шашуларын тарту етіп, мың бұралған бишілер де өз өнерлерімен тәнті етті.
Бүгінгі салнатты іс-шараға әскери өмірге алғашқы қадам жасап келе жатқан кадеттер қатысты. Мектеп оқушыларымен бірге олар аталарға Ұлы Жеңіс үшін бас иіп, құрмет көрсетті.
Салтанатты марш – мерекеге ерекше көрік берді. Қостанай гарнизонының әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерінен, тәртіп сақшылары мен ҚР ІІМ ӘА тыңдаушыларынан құралған әскери қораптар сап түзеп өтті.
Ардаргерлер мен облыс әкімі бастаған шерушілер легі Жеңіс саябағына бет алды.
Жол бойына жиналған қалалықтар майдангерлерді қошеметпен қарсы алды.
Жеңіс саябағында мәңгілік алау алдында бір минуттық үнсіздік пен аспанға оқ атумен соғыста қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етілді.
Әдеттегідей саябақта майдандық дала асханасында ұйымдастырылды. Ардагерлер мен жиналған әскери ботқада дәм татты.
Мерекені жауын астынада тойлаған Тобыл өңірі тұрғындарының көңілдері көтеріңкі болды.