Қос мерекеге арналған салтанатты жиын

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде өткен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Отан Қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиында Мемлекеттік Әнұранымыз шырқалып, аудан тұрғындары Отан соғысының оғыландарын бір сәт орындарынан тұрып, үнсіздікпен еске алды.DSCF5225
Аудан әкімі Асқарбек Ахметбекұлы мерекелік баяндама жасап, қанды шайқаста ерлік істерімен танылған торғайлық майдангерлердің есімдерін атап, олардың рухтарына мәңгілік тағзым ету жас ұрпақтың парызы екендігін тілге тиек етіп, барша аудан жұртшылығын мерейлі мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар “Отан Қорғаушылар күні ауданның қорғаныс саласына қосқан елеулі еңбектері үшін” қорғаныс істер бөлімінің басшысы, капитан Қ.Төлебаевты, сондай – ақ осы бөлімнің қызметкерлері Д.Қадырбекұлын, А.Қошаметовты, Ә.Сапарғалиеваны аудан әкімінің грамотасымен және алғыс хаттарымен марапаттады.DSCF5245
Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің басшысы, капитан Қайрат Ғабдырашұлы, аудан ардагерлерінің атынан Сәбитбек Оспанов, аудан жастары атынан Көркем Әбдірахманова өздерінің жүрек – жарды мерекелік жылы лебіздерін жолдады.
Қос мерекеге арналған салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓