Алғыс арқалаған ақсақал

Қазіргідей қысылтаяң шақта  күн – түн демей халықтың бас амандығы үшін күресіп жатқан жандардың еңбегі орасан. Әсіресе, жел өтінде тұрған медицина, полиция қызметкерлерінің жұмысы жеңіл емес. Күн сайын жүздеген көлікті тексеріп, адам денсаулығы үшін үй бетін көрмей жүрген жандарға қарапайым тұрғындар алғысын жаудырып қана қоймай, оларға сын сағаттарында барынша жәрдемдесуге дайын.
prod
Жетпіс жастағы Қамай Қапаров Жанкелдин ауданындағы Тоқанай ауылында  тұрады. Зейнеткер күн сайын ауылдан 90 шақырым қашықта орналасқан блокпостқа азық-түлік тасиды.  Қария  полиция қызметкерлеріне қымыз, айран, су, бауырсақ және ет пісіріп  әкеледі.
– Қазір оларға оңай емес екенін білемін. Олар бекеттерде қызмет атқарады, ал менің ойымша, оларға қандай да бір көмек көрсетуді өз борышым деп санаймын. Бұл қиын сағатта біз бірге болуымыз керек», – дейді қария. Зейнеткердің  бес баласы мен 12 немересі бар. 12 немересінің біреуі – Фархад Қапаров  Арқалық қаласының полиция бөлімінде  қызмет етеді. Полиция капитаны.
– Мен атамды мақтан тұтамын. Қолы ашық, әрдайы көмектесуге дайын тұрады,- дейді полиция қызметкері. Зейнеткердің шағын шаруашылығы бар.Азық-түлікті жеткізуге зейнеткердің балалары және оның жұбайы Айша Құрманғали келеді. Қамай Қапаров «Ваз 2115»  көлігін өзі жүргізеді.  «Біз сұрғылт «Жигулиді» үнемі көреміз. Камай ағаға үлкен рахмет, ол кісі: «Қымыз ішіңдер, ол денсаулықты нығайтады, өйткені қазір сендерге  күш керек. Мұндай әкелік қамқорлығы бізді шыңдайды!»,- дейді учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Олжас Әбенов.
Облыста  төтенше жағдай режимі кезінде тұрғындар жиырмаға жуық қайырымдылық акциясын өткізді. Қостанайлықтар блокпостарда тәулік бойы кезекшілік ететін полиция мен медиктерді азық-түлікпен және қорғау құралдарымен қамтамасыз етеді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі жағдай шын мәнінде барлығын біріктірген.  Өңірде көмек қолын созғысы келіп тұратын мұндай кісілердің қатары көп.
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓