Алдымен бар жағдай жасалу керек
Ауылдың жайын сол ауылда отырған адамнан артық ешкім білмейді. Мемлекеттік тұрғыда ең көп талқыланатын, ең көп реформа жасалатын, ең өзекті шешімдер қабылданатын сала – ауыл тақырыбы десем, артық айтқандық емес. Сөздің шындығы, қанша жерден заңдарға түзетулер енгізіліп, қаншама жаңашылдықтар қолға алынып жатса да, ауылдағы мәселе бір ізге түспей-ақ келеді.

Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенін дамыту ісіндегі нақты мәселелердің бар екеніне назар аударып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар міндет қойды. Елді мекендердің ең алдымен ауыз сумен қамтылуы, жол мәселесі, газ тарту қатарлы түйткілдері бар екені рас. Ал ішкі жағдайына келсек, жерді тоздырмай баптап ұстау, техника паркін жаңарту, тиімділігі жоғары дақылдарды өсіруді арттыру қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Ондай елді мекенде тұрғындар бір күн де отырмайды.

Алайда, соңғы жылдары ауылдардан қалаға көшу үрдісі толастамай тұр. Көп елді мекендер де әлі күнге дейін жол, су, газ мәселесі бар. Депутат ретінде облыс басшылығы алдында осы жайтқа қатысты сауалдар, ұсыныстар мен өтініштер жасалды. Қамысты ауданының бірқатар мәселелерін жеткіздім.

Марат ҚҰДАЙҚҰЛОВ,
«Қарабатыр» Агрофирмасы» ЖШС директоры,
Қостанай облыстық мәслихатының депутаты.